Гостиницы в Алматы
2017-04-11 16:13:10 161 0

«Брак или брат» атты жаңа комедиялық фильмнің бас продюсері Құралай Анарбекова болды. Бұл жайында tengrinews.kz сайты хабарлайды.

Фильм 5 ағасының қызғыштай қоруы нәтижесінде тұрмысқа шыға алмай жүрген Гаухар есімді қыздың өмірі жайлы болмақ. Тек бір жігіт қана батылдық танытып, кейіпкердің бауырларына өзінің «Гаухарға» лайық екенін көрсете біледі.

Фильмге Құралай Анарбековамен бірге "Бизнес по-казахски" арқылы танымал болған Әлішер Үтев те продюсерлік етеді екен. «Біз кейде бір қызға қол жеткізу үшін де батылдық керектігі жайлы көңілді фильм түсірсек дейміз. Әсіресе, ол арудың ағалары бар болса»,-дейді Құралай Анарбекова.

Фильмнің түсірілімі мамыр-маусым айларында басталады.

Жаңа фильмнің режиссері Ернар Нұрғалиев. Ал, сценарийін жазғандар Әлішер Үтев, Арыстан  Қаунев және Әділбек Сейілхан.

Пікір жазу