Сонымен қатар, аталған туынды SIGNIS тәуелсіз қазылар алқасының арнайы жүлдесіне қол жеткізді (Коммуникация жөніндегі әлем католиктері қауымдастығының жүлдесі). «Қазақфильм» киностудиясы түсірген аталмыш фильм туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жылдар өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Оралман» көркем фильмі осы жылдың басында Иранның астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалі мен XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алған болатын.