Гостиницы в Алматы
2018-01-09 16:31:44 71 0

ҚАЗАҚ ЖІГІТІ «ҚЫТАЙДЫҢ БОКС КОРОЛІ» АТАНДЫ

Жыл сайынғы Қытайдың «Бокс королі» чемпионатының 2017 жылғы додасы қорытындыланып, қазақ жігіті осы мәртебені иеленді. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады. 6 қаңтар күні Хаңжоу қаласында 75 келіге дейінгі салмақта кездесулер өтіп, шынжаңдық қазақ бокс шебері Тоқтарбек Таңатқан осы доданың чемпионы Уын Инхаңды ұтып, «король» чемпиондық белдігін  жеңіп алды.  

 Тоқтарбек Таңатханның бұл жолғы қарсыласы Уын Инхаң бұдан бұрын Тянжинде өткен бокстан ел біріншілігінде 75 келіге дейінгі салмақ санаты бойынша алтын медаль иегері атанған. Екі мәрте «Қытайдың бокс королі» атанған қарсыласын жеңген Тоқтарбек осы аталған жарысқа қатысып, күміс медаль еншілеген.

Пікір жазу