Гостиницы в Алматы
2017-10-30 16:57:53 112 0

ГҮЛБАНУ ӘЗІМХАНОВА «ӘЛЕМ АРУЫ-2017» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚЫТАЙҒА КЕЛДІ

«Қазақстан аруы-2016» атағын иеленген Гүлбану Әзімханова сұлулық байқауында бағын сынау үшін Қытайға келді. 19 жастағы қазақстандық ару тіркеуден өтіп, 18 қарашада Санья қаласында өтетін халықаралық сұлулық байқауына дайындықты бастап кеткен. Бұл жайында  ҚазАқпарат хабарлады.

Биылғы жылы «Әлем аруын» ұйымдастырушылар байқаудың форматын өзгертуді ұйғарған. Алдағы байқау Head-to-Head Challenge форматында өтеді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, әлеуметтік желілер мен интербелсенділікке баса назар аударылатын болады. Байқаудың финалына  тек 40 қатысушы өте алады. Олар түрлі шаралар мен дауыс беру нәтижелері бойынша іріктеп алынады.

Десе де «Әлем аруы» байқауының басты міндеті Beauty with a Purpose («Мақсатқа апаратын сұлулық») қайырымдылық жобасы өзгеріссіз қалады. Байқаудың әр жеңімпазы бір жыл бойы ерікті елші ретінде әр түрлі елдерде болады. Variety International халықаралық қайырымдылық қорына қаражат жинау мақсатында қайырымдылық шараларына қатысады. Variety International 1928 жылдан бері мүгедек және бақытсыздыққа ұшыраған балаларға көмектесіп келеді.

Пікір жазу