Елімізге белгілі басылым "Айқын" бетінде бірнеше күн бұрын жас әншіден алған арнайы сұхбатты жариялаған болатын. Алайда, Димаштың ата-анасы аталмыш сұхбаттың жалған екенін растады. Кейін республикалық басылым мәселенің анық-қанығын анықтап, мәлімдеме жасап, оқырмандардан, әріптестерінен алаяқтардан сақ болуды сұрады.
"Дүйсенбі күнінен (17.04.2017) бастап 8 702 *** ** **нөміріне қоңырау шалған едік. Келесі тарап өзінің Қанат Айтбаев екендігін растап, газетімізге сұхбат беруге келіскен. Алматыда болса, жолығайық дегенімізге «уақыт тығыз, Димаш қатты шаршаңқы» деп жауап берген еді. «Телефон арқылы тілдесіп, сұхбат беруге келістіріп беремін» деді. Осылайша екі күн бойы сөйлесіп, кеше (18.04.2017) 21:32-де өзге нөмірден (8 777 *** ** **) қоңырау шалып, сұхбат алуды ұсынып, телефонды Димашқа беремін деді. Біз болсақ, диктофонды қосып, қысқа сұхбат алдық.
19 сәуірде Димаш Құдайбергеннің ата-анасы хабарласып, ол адамның алаяқ екендігін жеткізді. Аталған нөмірге анасы Света Айтбаева да хабарласып, тілдесіпті. Телефонның арғы жағындағы адам бастапқыда өзін Қанат Айтбаев секілді ұстаған көрінеді.
Алаяқтық жасаған адамның кім екендігі де анықталды. Аты-жөні – Хасенов Қанат Асубаевич, 06.08.1986 жылы туған, Қазақстанның азаматы екен.
Ал екінші 8 777 *** ** ** нөмірі алдымен А.С.Дадаев, кейін Р.А.Ибадатовтың атына тіркелгені белгілі болды.