Биылғы жылдың ерекшелігі гала-концерт Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды ескерткіш-кешенінің амфитеатрында өтеді. Онда Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева қобыз бен скрипканың сүйемелдеуімен Қорқыттың күйлерін орындайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі фольклорлық музыкалық өнер фестивалінің ашылу қарсаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім болды.
Бағдарлама барысында фольклортанушы ғалымдар студенттерге шеберлік дәрістерін өткізеді. Сонымен қатар, олар Қармақшы ауданындағы этноауылдың қонағы болады.