Гостиницы в Алматы
2017-09-25 12:25:44 7 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың шаршы алаңға шығатын нақты күні белгілі болды.

Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International белбеуінің иегері өзінің чемпиондық атағын 19 қазан күні қорғайды. Ал қарсыласының кім екені алдағы аптада белгілі болады деп күтілуде.

Жекпе-жек Америкадағы ең әйгілі бокс ареналарының бірі Лас Вегастың Monte Carlo Resort and Casino залында өтеді. Мұнда өзінің айқастарын, негізінен, Джесси Варгас, Джесси Магдалено, Баду Джек сынды боксшылар өткізіп жүр.

Айта кетейік, бұған дейін Бекман ешқашан Лас-Вегаста жұдырықтасып көрмеген. Бұл оның кәсіпқой шаршы алаңдағы 12-айқасы болмақ. Бұған дейінгілерінің барлығын жерлесіміз жеңіспен аяқтаған. Еншісінде WBC International чемпиондық белбеуі бар.

Пікір жазу