Гостиницы в Алматы
2014-11-18 16:31:49 826 1

«Рэкетир-2» қашан шығады?

Режиссер Ақан Сатаев «Рэкетир-2» фильмін түсіріп бітуге жақын қалды. Фильм 2015 жылдың наурыз айында прокатқа шығады деп күтілуде.

«Рэкетирдің» бірінші бөлімі күтпеген табыс әкелге ең алғашқы кассалық фильм. Фильмнің екінші бөлімін түсірер алдында кино продюсерлері актерлермен жаңа келісімшартқа отырған. Енді актерлер гонорардан бөлек кассадан түскен қаржыдан белгілі мөлшерде қаржы алуға құқылы. Сонымен қатар сценарий желісі әлі құпияда ұсталып отыр. Тіпті, кино алаңындағылар және актерлермен сюжет желісін сыртқа шығаруға болмайды деген қатаң пункт бойынша келісімшарт жасалған. Сценарий желісі белгісіз болғанымен, бізге белгілісі басты кейіпкер Саянды фильмнің екінші бөлімінен көре аламыз. Сондай-ақ көрермендер бірінші бөлімдегі актерлерден - Саят Ісембаев, Жан Байжанбаев, Әсел Сағатова, Бауыржан Әбішевті көре алады. Оларға екінші бөлімде Азамат Сатыбылды, Аян Өтепберген, Дәстен Шәкіров, Фархад Абдраимов, Аружан Джазильбекова, Асылхан Төлепов қосылды.

Пікірлер

  • Нұрғали 2014-11-19 23:17:40
    Жалғасын барлығы да асыға күткен шығар... ))

Пікір жазу