Гостиницы в Алматы
2017-07-18 14:56:34 307 0

Талғат Жорабаев әйелінің толғағын тәні арқылы сезінгенін айтады. Келіншегі босанарда табаны мен тамағы қызып, өзі де қиналған екен. Бірақ, ол ер адамдардың әйелдері босанған кезде серіктес болуына қарсы шықты.

“Әйелім “Бюджеттік перзентханаға бара салайын” деді. Мен қарсы болып, барлық жағдайы жасалған перзентханада босанғанын қаладым. Сол күні телефон шұқылап жатып көзім ілініп кетіпті. Әйелім “Әкесі тұрыңыз. Менің толғағым келіп жатқан сияқты” деді. Таң намазымды оқып, Алла тағаладан дұға тілеп, осы жерге келдік. Құжаттың барлығын толтырып, әйеліме дем салып бердім. Бұл туралы “Айта берсін” бағдарламаса сілтеме жасап stan.kz мәлімдеді.

 

Меніңше, әйел адам босанып жатқан кезде ер адам алыста жүруі тиіс. Анам Қарағандыдан арнайы келіп, Аяулымға серіктес болды.  Біріншісіне қарағанда, толғағы азғантай болған сияқты. Біріншісінде өзімнің белім мен ішім ауырып, барлығын сезген болатынмын. Алтынайға хабарласып “Мен ауырып жатырмын. Не істеймін? Өзім туа салайын ба?” деп әзілдегенмін. Екіншісінде сағат сегіз жарымдарға қарай тамығым мен табаным қыза бастады. Бір кезде анам хабарласып, “Балам, құттықтаймын! Ұлды болдың. Екеуінің де денсаулықтары жақсы” деп қуантты”, – дейді Талғат Жорабаев.

Пікір жазу