Шоу-бизнес

Нұрлан Абдуллиннің қандай табыс көздері бар?

Нұрлан Абдуллин — танымал әнші, продюсер, шоумен, ҚР еңбегі сіңген қайраткері ғана емес, қаржы әлемінде бағы жанған бизнесмен. Оның ресми түрде «AG Studio» және «Nort-A» ЖШС-де үлесі бар. Оған қоса, Абдуллин мырза «Интелектуалдық құқық қорғау қоғамының» негізін салушылардың бірі.

«AG Studio» компаниясын ол 36-жасар белгілі композитор Ринат Гайсинмен бірге басқарады. Ресми деректерге сүйенсек, аталған фирма, сауда саласына тартылған. Ал «Nort-А» компаниясы концерт бағытында жұмыс жасайды. Нұрлан Абдуллин мен Ринат Гайсиннен бөлек серіктестер қатарында Ольга Герман мен Төлеген Мұхамеджанов бар.

Төлеген Мұхамеджановтың есімі де көпке таныс. Ақын, симфония, опера мен камералық шығармалардың,сонымен қатар кинофильмдердегі әуендердің авторы. «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысының белсенді мүшесі. ҚР Парламент сенатының экс-депутаты.

Ал, Нұрлан Абдуллин 1964 жылы 6 қыркүйекте дүниеге келді. Сәулет-құрылыс институтының түлегі еңбек жолын мектепте, дене тәрбиесі мұғалімі болып бастаған. Бүгінде «Парыз» қайырымдылық қоры мен «Ала» шығармашылық бірлестігін басқарады. «Қазақмыс» корпорациясы президентінің мәдениет жөнінде кеңесшісі, сонымен қатар «Дуэт KZ» Magic of Nomads музыкалық жобаларының авторы. Көптеген телеарналарда арнайы жобаларды жүргізді, жарнамаға түсті.
Forbes.kz-тің 2014 жылғы мәліметіне сәйкес шоу-бизнес және спорт өкілдерінің 25-тігінде 19-орынға тұрақтаған. Яғни, бір жылдық кірісінің бағасы – 1,9 млн доллар.

Жақында Алматыда мерейтой-концертін өткізген Нұрлан Абдуллин енді Мәскеуде жұмыс істемек. Ресей продюсерлері қазақ әншісімен іскерлік қарым қатынас орнатуға ниет білдіріп отыр.

Ақпарат: «Радиоточка» медиапортал

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

pogudx5fbg0hehhjf.847113b3

Шоу — бизнестегі ата-аналар мен балалар

666 рет оқылды28.09.2015
image_l

Батырхан Шүкеновтің баласы Президентке әкесінің альбомын сыйлады

535 рет оқылды27.09.2015
PR20150925181838

Қарағандылық Биназир Ермағанбетова «Голос» жобасының төртінші маусымына жолдама алды

471 рет оқылды27.09.2015
x98887d20141215115323

Ділназ Ахмадиеваны Алматы мейрамханаларының біріне кіргізбей қойды

1 291 рет оқылды27.09.2015
LxccWILv2h0

Баян Есентаевадан кететін кезек Жанар Дұғаловада

1 585 рет оқылды26.09.2015
UZRB4Sfm7mg

Қайрат Түнтеков қашып жүрген жоқ

940 рет оқылды26.09.2015