Спектакльде жұбайлардың сегіз жұбы бірінен кейін бірі ажырасады. Әрбір кейіпкер – ғашықтық пен сатқындық, тәкаппарлық пен қызғаныш, сүю мен жек көру сияқты өткелдерді басынан кешіреді. Сот алдына бірінен кейін бірі келетін ерлі-зайыптылар кей жағдайда татуласып жатса, кейбірінің жолы екіге айрылады. Бірақ түптеп келгенде әркімге өз ойына бойлау, өз мінезіне саралау жетіспейді. Адамдар кейде қара басының қамын ойлап, бала-шаға, тұрмыстық мәселелер дегенге жауапсыздық танытады. Режиссер осы кикілжіңдерді жеңіп, сүйікті адамдарымыздың жүрегін жараламауға шақырады.
Ажырасу ісіне сегіз жұп қатысқанымен, басты рөлді Митя (Абзалбек Асхатұлы) мен Катя (Салтанат Бақаева) есімді ерлі-зайыпты ойнайды. Олар бір-бірін сүйсе де, қызғанышқа, тәкаппарлыққа, өзімшілдікке бой алдырып ажырасып кетеді. Ажырасудан кейін өмірлерінің гүлденуін күткен олар, түрлі қиындықтарға тап болып, бәрінен бұрын жүректегі бір-біріне деген сағынышын баса алмайды. Жолдары екі айрылған жас қайта жолыққан сәтте бір-біріне "Қоштасқым келмейді..." деп айта алатындай есейеді.
Осы ретте айта кетерлігі, бұл спектакльде театрдың үш буын актерлері бас қосқан. Әрқайсы өзіне артылған міндеттерді жоғары деңгейде алып шықты. Спектакльде заманауи билер, әндер, тіпті рэп те орындалды. Оған қоса жас авторлардың өлеңдері оқылды. Сахнада декорациялар ауысып, үзіліс болатын кез жоқ. 40 әртіс спектакль бойы артқы жақта отырып, кейде көрерменнің, кейде көршілердің, кейде достардың рөлін ойнайды. Сахнаға кезекпен шығатын сәттері де ойластырылған, жинақы әрі жұмыр көріністер орын алады.
Ерлі-зайыптылардың "Мінезіміз үйлеспейді" деген себеп-сылтаулары ажырасуды ақтап алуға себеп бола ала ма? Мұндай жауапсыздық адамға қандай дерт әкелуі мүмкін? Бүлінген тағдыр, жаралы жүрек - мұның алдын алуға бола ма? Осы сұрақтардың жауабын дәл осы спектакльден іздеңіз.
Дайындаған: Анар Мұстафина