Гостиницы в Алматы
2017-07-18 17:38:11 54 0

Димаш халықаралық ән додасына қонақ ретінде шақырылған. Әншінің ән айтқан видеосын оның директоры Алпамыс Шәрімов желідегі парақшасына жүктеген. Кадрда бүкіл зал толы көрерменнің әншінің өнеріне тәнті болып, қол соққаны анық көрінеді.“Димашты екінші жыл қатарынан құрметті қонақ ретінде шақырып жатыр”, – деп жазады Шәрімов.

“Биыл “Славян базары” байқауында екінші жыл қатарынан құрметті қонақ ретінде өнер көрсеттім. Осы мүмкіндікті маған сыйлап, шексіз ілтипаттарын көрсетуден жалықпайтын фестиваль ұйымдастырушыларына шексіз алғыс айтамын! Мені алыстан қолдап келген барша жанкүйерлерге де мың алғыс! Саxнаға шыққан кезден бастап Сіздердің энергияларыңыз мені ерекше көңіл-күйге бөледі!”, – деп жазады Димаштың өзі.

Айта кетейік, Димаш Құдайберге 2015 жылы осы байқаудың Гран-приін жеңіп алған болатын.

Пікір жазу