Гостиницы в Алматы
2017-05-28 13:40:48 42 0

Мәскеуде өткен бокс кешінде 22 жастағы Фируза Шәріпова ресейлік 30 жастағы Ольга Забавинамен жұдырықтасты. Орта жеңіл салмақта өткен кездесу 10 раундқа созылуы тиіс еді.

Қазақстандық әйел-боксшы кәсіпқой рингте алтыншы жекпе-жегін өткізді. Бұл жайында vesti.kz хабарлады.

Бірінші раундта боксшылар бір-бірін аңдып тұрды, алайда Шәріпова соққыларын үдете түсті. Үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласына бірнеше дәл соққы жасап, нокдаунға түсірді, осыдан кейін кездесудің төрешісі жекпе-жекті тоқтатты.

 

Пікір жазу