Гостиницы в Алматы
2017-12-25 17:36:32 187 0

Павлодар облысының билігі әнші Төреғали Төреәліні соңғы жайттардан кейін концерттерге шақырудан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы nur.kz сайты

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы әншіні өңірде өтетін ресми іс-шарларға шақыртудан бас тарту шешімін шығарды. 21 желтоқсан күні Төреғали Төреәлінің концерттегі әрекетін орынсыз деп тапқан мекеме осындай тоқтамға келген. Сол себепті шенеуніктер жақын арада әншімен байланыс орнатпайтынын алға тартты.

"Біз Павлодардағы әр мерекеде қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуіне мүмкіндік беріп, жиі ресми шақыртулар жіберіп тұрамыз. Сөз жоқ, біз облысымызда жеке ұйымдастырушылардың тарапынан өтетін коммерциялық концерттерге бақылау жүргізе алмаймыз. Ал мемлекеттік мекемелер өткізетін салтанатты шараларға Төреғали Төреәлі шақырылмайтын болады", – деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасы.

 

Пікір жазу