Гостиницы в Алматы
2017-12-26 16:30:51 51 0

БАӘ өткен 4 жылдық «Asian Chess Excellence Awards» марапатттау рәсімінде қазақстандық гроссмейстер Динара Садуакасова «Ең үздік қыз ойыншысы– 2017» атанды. Бұл жайында шахмат федерациясының парақшасында жарияланды.

21-23 желтоқсанда Аль Аинде (БАӘ) Азия шахмат федерациясының (АШФ) ұйымдастыруымен Азиялық шахмат саммиті өтті. Ең ірі форумға ФИДЕ делегаттары, АШФ басшылары, Азия және Мұхит елдері президенттері мен шахмат федерациясы өкілдері жиналған болатын. Саммитке Қазақстан Шахмат Федерациясының (КШФ) вице-президенті Берик Балгабаев қатысқан болатын.

Айта кететіні,  2017 жылы Қазақстандық әйелдер құрамасы тарихта бірінші рет Азиялық шахмат ойындарында  1 – орынға ие болды. 23 жасқа дейін жылдам шахмат бойынша командалық чемпионат финалында гроссмейстер Динара Садуакасова мен Жансая Абдумалик өкілеттілігімен біздің құрама Қытай құрамасын басып озған болатын.

Пікір жазу