Гостиницы в Алматы
2017-09-19 10:20:50 76 0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің төрешілерінің бірі Аделаида Берд ірі және маңызды кездесулерден уақытша шеттетілді. Бұл туралы Невада штаты Атлетика комиссиясының басшысы Боб Беннет мәлімдеді. Бұл жайында baq.kz мәлімдеді.

«Әзірге оны маңызды жекпе-жектерге жібермеймін. Ол бұрынғысынша өз ісімен айналыса береді, алайда біраз уақыт дамылдайды. Ол ауыр кешті бастан өткізді. Өкініштісі, міндетін ойдағыдай атқарған жоқ. Оның қойған бағасы шындыққа сәйкес емес», - деді Беннет Los Angeles Times-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік,өткен жекпе-жекте Альварестің пайдасына 118:110 деген баға қойған Берд бокс қауымдастығының наразылығын туғызған еді. Ал екінші төреші Дейв Моретти жеңісті Головкинге берсе (115-113), Дон Трелла (– 114-114)  жекпе-жек тең өтті деген болатын.

Пікір жазу