Гостиницы в Алматы
2016-11-07 16:28:23 99 0

«Kazsport» телеарнасы комментаторларға кастинг жариялайды

«Kazsport» телеарнасы комментаторларға кастинг өткізбек. Бұл - 2016 жылы өткізілгелі отырған екінші кастинг. Наурыз айында өткен іріктеу сынында «Көкпар» бағдарламасына үміткерлер таңдалған болатын.

Кезекті кастингтің мақсаты – комментаторлар құрамын жаңа есімдермен толықтырып, белгілі бір спорт түрінен репортаж жүргізе алатын сарапшы-мамандар қатарын арттыру.

Бұл жолғы іріктеу сынында:

а) қазақ және орыс тілдерінде велоспорт, бокс, баскетбол, волейбол, хоккей, әртүрлі ережесіз жекпе-жек түрлері мен ұлттық спорттан репортаж жүргізуге үміткерлердің кандидатураларына баса көңіл бөлінеді;

б) қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика, жүзу спортын меңгерген үміткер қыздардың кандидатуралары қарастырылады;

в) барлық спорт түрінен хабары бар әмбебап үміткерлердің кандидатуралары қарастырылады.

Кастинг 2016 жылдың 12-13-ші қарашасы күндері Астана қаласы, Московская көшесі 33, «Қазақстан» РТРК АҚ «Kazsport»  телеарнасының ғимаратында өткізіледі.

Уақыты: 12 қараша 16:00

                  13 қараша 11:00

Резюмелерді 10 қараша күнгі кешкі 20:00-ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru электронды мекенжайына жіберу қажет.

«Kazsport» телеарнасы үміткерлерден кастингке жауапкершілікпен дайындалып, өздері мен өзгенің уақытын бағалауды сұрайды. Байқауда әрбір үміткерге бірден беске дейінгі спорт түрінде бағын сынауға мүмкіндік беріледі.

Кастинг барысында қолданылатын материалдар:

футбол (Қазақстан чемпионаты);

баскетбол («Астана» БК ВТБ Лигасы);

бокс (Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Данияр Елеусінов);

волейбол (Қазақстан чемпионаты);

велоспорт («Тур де Франс»);

ережесіз жекпе-жек (ММА);

хоккей (ҚХЛ «Барыс»);

мәнерлеп сырғанау (Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева);

көркем гимнастика (Сабина Әшірбаева);

ұлттық спорт (көкпар, аударыспақ, қазақша күрес)

Үміткерлердің өзімен бірге жеке куәлігі болуы шарт.

Пікір жазу