Гостиницы в Алматы
2018-01-15 15:40:01 6 0

Бокстан Қазақстанның қыздар құрамасы Сербияның Сомбор қаласында өткен «Ұлттар Кубогы» 7-ші халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсетті. Спортшыларымыз 6 алтын медаль еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орынға қол жеткізді. Бұл жайында  ҚазАқпарат хабарлады.

Аталған турнирдің алғашқы «алтынын» әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) еншілегенін еске сала кетейік. Біздің қыздар тоғыз финалдық жекпе-жектің біреуіне ғана қатысқан жоқ - 69 келіден жоғары санатта.

Әлем чемпионы Дина Жоламан (54 келі) мен  Аида Тұяқбай арасындағы кездесу Жоламанның пайдасына шешілді. Ал 61 келі салмақтағы Карина Ибрагимова ағылшын қызы Пэйдж Мурнейді 4:1 есебімен айқын басымдықпен жеңсе, Азия чемпионы Мадина Нұршаева (75 келі) да дәл осындай көрсеткішпен венгриялық спортшы Эстер Олахтан озды. Азия ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова (75 келі) қазылар алқасының шешімімен Ұлттық құрамадағы құрбысы Ақерке Бақытжаннан басым түсті. Фариза Шолтай (81 келіге дейін) 3:2 есебімен венгриялық боксшы Тимея Нагиді жеңді.Осылайша, Ұлттық құрама қыздары турнирдің он алтын медалінің алтауын қоржынымызға салды. Бұдан бөлек, еншімізде 7 "күміс" пен 10 "қола" бар. 

Айта кететіні, турнирге 28 елдің спортшылары қатысты.

Пікір жазу