Гостиницы в Алматы
2018-01-15 15:57:34 302 0

«ХАБАР» АРНАСЫ КӨРЕРМЕНГЕ «ТАСӨТКЕЛ» АТТЫ ЖАҢА СЕРИАЛДЫ ҰСЫНАДЫ

Бұл сериал Мұрат Бидосовтың  режиссерлігімен өмірде болған оқиғаға негізделіп түсірілген.

Басты кейіпкері Ауғанстанда қалып қойған қазақ баласы Хасан. Бұралаң жол басып, балалық шағы Ауғанстанға тап келген кейіпкердің басып өткен «тасөткелі» көп. Жастайынан өмір сүрудің жолын үйреніп, жеті жұрттың тілін біліп, өнер игерген қарапайым азамат ғұмырының көп бөлігін Ыстамбұлда өткізеді. Өз еңбегімен ауқаттылар қатарына қосылады. Бірақ оның бар өкініші өзінің кім екенін білмеуі еді. Ұзақ жылдардан кейін ғана қазақтың қоңыр күйін тыңдап, жадынан өшкені қайта оралып, атажұртқа табаны тиеді. 

Айта кетейік, «Тасөткел» 12 бөлімнен тұрады. «Хабар» арнасынан көрермен назарына 16-шы қаңтардан бастап ұсынылмақ.

https://youtu.be/rs4lsX3ecvo

Пікір жазу