Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне 16 ақпанда шығады. Рахманқұловтың қарсыласы – америкалық Ноэль Эскеда болмақ.
Рахманқұлов шығатын бокс кеші АҚШ-тың Рино қаласында өтеді. Салмақ дәрежесі мен қанша раундқа созылатыны жайлы ақпарат әзірге белгісіз.
Айта кететіні, Сағадаттың алғашқы қарсыласы америкалық боксшы осал емес. 2010 жылдан бері кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізген. 8 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңілген. 2 кездесуінде қарсыласымен тең түскен.