Гостиницы в Алматы
2018-01-16 16:39:28 67 0

ҚЫТАЙЛЫҚ ҚАЗАҚ БОКСШЫ IBF ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

 Қытайда туып өскен 19 жастағы кәсіпқой боксшысы Бекзат Социалханұлы (1-1-2, 1КО) Халықаралық бокс федерациясы өңіраралық ұйымының (IBF B&R) Жібек жолы чемпионат турының (IBF Silk Road Championship Tournament) Қытайдағы кезеңінде жеңіске жеткен. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

Сюйчжоу қаласында өткен додада орта салмақтағы Бекзат жеңіліп көрмеген тайландтық Чайват Муэнфунмен (4-0-0 ,2КО) кездескен. Қорытындысында жекпе-жек 10 раундқа созылып, қандасымыз төрешілер шешімімен (96:93, 97:92, 96:92) жеңіске жетті.

Айта кетейік, енді Бекзат ақпан айының соңында Макаода өтетін IBF Жібек жолы чемпионат туры ақтық бәсекесінде бақ сынайды.

Пікір жазу