Гостиницы в Алматы
2017-12-25 17:51:20 15 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Boxingnes24.com сайтының таңдауы бойынша «жыл үздігі» атанды. Бұл жайында prosports.kz хабарлады.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, негізгі тартыс украиналық Василий Ломаченко мен біздің Геннадий арасында өрбіген көрінеді. Алайда, мексикалық мықты Сауль Альвареске қарсы өткізген керемет кездесуі қазақстандық чемпионның аталған тізімде көш бастауына көп көмегін тигізген екен.

Сонымен Boxingnes24.com сайтының нұсқасы бойынша жылдың үздік бес боксшысы:

  1. Геннадий Головкин (Қазақстан);
  2. Василий Ломаченко (Украина);
  3. Теренс Кроуфорд (АҚШ);
  4. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);
  5. Срисакет Сор Рунгвисаи (Тайланд)

 

Пікір жазу