Сән & дизайн

Елімізде сән индустриясы қандай деңгейде?

Қазақстанның сән индустриясы негізінен импорттық тауарлардан тұрады. Отандық  дизайнерлер мен сән үйлері де жоқ емес. Мысалы, 60 жылдық тарихы бар «Сымбат сән академиясы», Құралай Нұрқаділова, Салтанат Баймухамедова, Аида Кауменова, Ая Бапани секілді брендтік өнімдер біршама танымалдылыққа ие. Балнұр Асанова, Saida Azikhan, Kuandykova & Karibzhanova, Оксана Корби, Мадина Ахаева, Айгүл Қасымова және де Ерке-Нұр сән театры да жемісті еңбек етіп келеді.

Ұлттық сән палатасының хабарлауынша, Құралай Нұрқаділованың топтамасын  Париж және де БАӘ, Балнұр Асанованың және «Saida Azikhan» топтамасын – АҚШ, Аида Кауменова –  Мәскеуде, «Dilbar»-Санкт-Петербургте, «Kuandykova & Karibzhanova» – Германияда, Оксаны Корби – Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінде жоғары сұранысқа ие.  «Ерке-Нұр» болса, өнімін Қытай мен Қазақстанға  ұсынып келеді. Демек, әрбір өнімнің сатып алушысы бар. Бірі – ұлттық ою-өрнекпен тігіліп, сәнделсе, екіншісі әлемдік нарыққа шығару үшін дайындалады. Ал Отандық дизайнерлеріміздің айтуынша,  Қазақстандағы сән индустрия әлі дамудың табалдырығында тұрғандығын алға тартуда.

Отандық өндіруші мен тұтынушы арасындағы байланыстың жүйесіздігі көптеген бастауларға тосқауыл болып отырғандығы белгілі. Бұл тікелей экономикалық сала болып табылатындығын да ескеру қажет. Болашақтың еншісіне қалған жүйе қажеттіліктің пайда болысымен дамитыны анық.Бұл саланың елімізде қарқынды дамымауына цех, материал, қаражат, кәсіби мамандардың аздығы да себеп болып отыр.

Сондай-ақ Қазақстанда өткен сән апталықтарында аты шыққан  Atelier Artisan, Mechanical Piano, Kamila Kurbani, Leonid Zherebtsov, LaRiya, Yerlan Zholdasbek, Ainur Turisbek, Salta, Tamara Lamanukaeva, Malique, DI•ENTRE•SI, ё9, Nur-Shah сынды брендтердің болашағы зор.

Қазақстандық сән өнімдерінің әлемдік брендтер қатарына қосылатынына сенім мол.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

69fee4bc45fdde2cff994eb2dfb41dca

«Астана аруы» Түркияда өткен байқауда «Тop Model» атанды

350 рет оқылды08.10.2015
FAS1645-931

Күз маусымының негізгі 5 тренді

977 рет оқылды29.09.2015
pxwlmowWsQM

Айдай Исаева ана атанды

1 486 рет оқылды15.09.2015
OEA7OUcu7BQ

«Алматы аруы — 2015″ байқауының жеңімпазы анықталды

721 рет оқылды11.09.2015
1441354316_foto-ruslana-kanabekova-11

«Алматы аруы — 2015″ байқауында бақ сынайтын 12 қатысушы анықталды

677 рет оқылды06.09.2015
photo_20082

Қазақстандық модель Айя Шалқар алғашқы топтамасын ұсынды

992 рет оқылды25.08.2015