Гостиницы в Алматы
2017-02-05 16:46:18 581 0

Қытайдағы "Singer" жобасына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов пен продюсер Арай Айдархан шоудың тағы бір қатысушысы Тан Жиңнің үйінде қонақта болды. 

Бұл туралы Арай Айдархан өзінің Instagram-парақшасында жариялады. Еске сала кетейік, Тан Жиң 4 ақпан күні көрсетілген бағдарламаның үшінші кезеңінде бірінші орын алған болатын. Димашқа үшінші орын бұйырды, алайда ол жалпы есепте бірінші тұр.

Тан Жиң - Қытайдағы танымал әртістердің бірі, мемлекеттік бірінші дәрежелі әнші.

Пікір жазу