Сазгер, әнші, бірнеше танымал әндердің авторы Ұлықпан Жолдасовтың "Каспийді" тарқатып, "Заманды" босатып, жаңа топ құрайын деп жатқандығын бірінші болып біздің сайт жазған еді. Ұлықпан ағамен сұхбаттасу көптен бері ойда жүрген. Өйткені бұл продюсерлік орталықтың жұмысына қатысты көпшілікті көкейінде жүрген сұрақ, ел аузында жүрген әңгіме көп. Оның үстіне осыдан бірнеше күн бұрын "Ұлықпан Жолдасов "Батыс" тобын құрды деп BaiStars.kz сүйінші сұрағанда әлеуметтік желі ду ете қалды. Сын садағына топтың затынан бұрын аты ілікті. "Каспий" үшін Ұлықпан аға тағы не істей алады? Жігіттер неге ауылдарына қайтып кетті? Жаңа топқа "Батыс" деген атты кім қойды? Ұлықпан Жолдасов осы және өзге де сұрақтарға алғаш рет ашық жауап берді.
- Топ құрдыңыз, әңгімені содан бастайықшы? Екінші "Каспий" деуге болады ма мұны?
— Негізінде бұл топтың "Каспийге" қатысы жоқ. Қазір "Каспий" тобындағылардан өзімнен басқа ешкім қалмады (әзілдеп). Бұл жоба Ұлықпан Жолдасов және "Батыс" тобы деп аталады. Жігіттер аяқтанып кеткенше, сахнада қанаттары қатайғанша өзіммен бірге алып жүрем. Сосын ары қарай жігіттер өздері шамасы жетіп алып кетсе болды. Талай өнерпаз шықты ғой, біздікі сол, бұлақ көрсек көзін ашуға асығып тұрамыз.
- Ал, "Каспий ше?
— "Каспий" тобы ресми түрде тарады. Мұрат Қожа қазір Астанада. Мен Алматыда, осы топқа көңіл бөліп, жұмыс жасап жатырмын.
- Топты таратуыңызға не нәрсе себеп болды?
— Өзі топтың тарайтын уақыты келген сияқты. Аз еңбек еткен жоқпыз. Естеріңізде болса "Каспийдің" алғашқы құрамында Әділ Сламхан, Әсет Масабаев деген азаматтар болды. Одан кейінгі Каспийде Ақылбек Жеменей болды. Кейін Ақылбекті ұзатып жібердік те, Айбар Серкебаевты алдық. Ол үшінші құрам болатын. Кейін топты түгел таратып, Мұрат екеуміз қайтадан жаңадан жігіттер алдық. Негізінде басында топта Ғаділбек те болған. Бірақ Ғаділбек ұжыммен жұмыс жасай алмайтындықтан, көбірек ұйықтап қалатыны бар, сондықтан оны жеке жұмыс жаса, кейін маған рахмет айтасың деп босатып, Ақылбекті алған болатынбыз. Солай-солай топтың құрамы біраз өзгерді.
- Топтан кеткен жігіттердің бәрі болмаса да бірнешеуі қазір жұмыссыз. Олар сізге ренжулі деген сөз бар, сол қаншалықты рас?
— Ол жігіттердің маған ренжитін жөні жоқ деп ойлаймын. Себебі біз жігіттердің солай жүрген жерінен жинап, үлкен жұмыс жасадық. Енді ары қарайғысы өздерінің билігіне беріледі ғой. Өзім "Заман" тобына және жеке шығармашылығыма көбірек көңіл бөліп, жігіттерге "енді мен жас емеспін, сендер өздерің жұмыс жасаңдар" деп, Мұрат Қожаны жетекші етіп қойған болатынмын. Сол кезде жігіттер біраз ойсырап қалды. Менің бөлек кеткендігім қаншалықты әсер еткенін білмеймін, әйтеуір топта шығармашылық өрлеу болмады. Содан соң Мұрат маған топты тарқатып, құрамын жаңартайық деп ұсыныс білдірді. Сөйтіп Ерсұлтан, Дидар, Айбарға "сендер біраз танылдыңдар, енді өздерің жұмыс жасап көріңдер" деп, түсіндіріп айтып, ақ жол тілеп, шығарып салдық. Негізі мен жаңа эксперименттерді жақсы көрем. Олардың орнына Берік пен Мейірхан есімді өнерлі жігіттер келген. Шыны керек топтан шаршадым, Мұрат та шаршап кетті-ау. Ойымыз бір жерден шығып осындай ортақ бір шешімге келдік.
- Қазір "Каспийде" болған жігіттердің қайсысымен араласып тұрасыз?
— Бәрімен де араласамын. Мұратпен де, Айбармен де жиі тойларда кездесіп қаламыз. Дидармен де, ол қазір Маңғыстауда. Ерсұлтан да Маңғыстауда, барған сайын күтіп алады, шай ішіп тұрамыз бірге. Бірақ бәрі де пенде ғой енді. Мүмкін бір өздері жеке кездесіп қалғанда, бұрын жап-жақсы болып еді, Лұқаң бізді бекер жіберді, керісінше сол кезде бізді қамшылап, қайта жұмыс жасау керек еді деген өкініш өздерінде болатын шығар. Бірақ ол үшін өздері де тыпырлап жұмыс жасау керек еді. Барлығын бір адамның мойнына іліп қойып жүре берген болмайды. Мен қашанғы жүгіре беремін, жас емеспін. Кәрімін деп те айта алмаймын. Себебі 48 деген жас қатты үлкен емес қой. Дегенмен өнер адамының сахнадағы ғұмыры қысқа болады. Өмірде әрине, бәріне де ұзақ өмір берсін. Бірақ уақыт өткен сайын сахнадағы бұрынғы танымалдылық қалмайды, қанша мықты болсаң да, тіпті Пугачеваның өзі де кеткен жоқ па сахнадан?! Сол сияқты бізбен қатар сахнаға шыққан жігіттердің көбі қазір жоқ. Біздің өзіміз де әйтіп-бүйтіп жүрміз ғой әйтеуір. Оның өзі еңбектің арқасы. Алла жігер берсін.
- "Каспийге" қатысты тағы бір сұрақ, жігіттермен табысты тең бөліспеген деген де әңгіме бар?
— Менің осы жігіттерге байланысты мақтана алатын бір жағдайым бар, ол осы табыс жағы. Себебі бізде ақша дауымен топтан ешкім кеткен емес. Ақылбектің де, Ғаділбектің де, басқа жігіттердің де кетуі ешқашан қаржыға байланысты болған жоқ. Кезінде Тоқтармен де бірге жұмыс жасап, аяқтандырдық. Тоқтармен де ақшаға байланысты келіспеушілік болған емес. Оны мен ұялмай, қорықпай сенімді түрде айта аламын.
- Меніңше, Ұлықпан аға, кез-келген адам топқа келген соң үлкен жауапкершілікті сезінуі керек, сахнаға шыққан бір мәселе, ал, одан соң ары қарай өзімен жұмыс жасау - ол екінші мәселе. Жиі байқаймын, топ әншілері жеке орындаушы, тұлға ретінде қалыптасуды қаперде ұстамайтын сияқты. Селқостық, жалқаулық деген тағы бар. Мысалы, сіз топты шығардыңыз,жұртқа танылуға мүмкіндік бердіңіз, енді неге олар өздерінің имидждерімен, өздерінің есімдерімен жұмыс істемейді? Оларға мүмкін мүмкіндік берілмейтін шығар? Олар топ тарқай қалған жағдайда мен не істеймін деген сұрақты өздеріне қойды ма?
-Мен дәл осы әңгімені жігіттерге талай айттым. Әсіресе Ерсұлтанға көп айтатынмын. "Ерсұлтан ертең топқа бірдеңе бола қалса, сен өзің қасыңа әнші алып, ары қарай жұмыс жасауың керек. Соған дайындалып жүр" деп. Жұмыс жаса, көбірек сұқбат бер, жан-жағыңа қарап, орталарыңды көбейтіңдер, басқа да әншілермен араласыңдар, басқа студияларға да барыңдар, тәжірибе алмасып, адамдармен көбірек араласыңдар деп айтып жүрдім. Бірақ соның көбі орындалмады, соған біраз қынжылып жүрген кездерімнің болғанын жасырмаймын.
- Ұлықпан аға, сіз продюсер емессіз ғой, бір кемшілік осыда деп ойламайсыз ба? Егер сіз продюсер болсаңыз бәрін басқаша жасар едіңіз, бірінші табысты, екінші келісім-шартты ойлайтын едіңіз, үшінші оларға қатаң шарт қоятын едіңіз. Сосын белгілі бір уақытқа келісім-шарт түзілетін еді. Бәлкім сонда жұмыс басқаша жүрер ме еді?
— Мүмкін, мүмкін. Келісім-шарт жасап, табысты ортадан бөліп, киімдерін алып беріп, ұрысып та, айғайлап та кез-келген әншіні өзіңе бағындыруға болады. Бірақ мен сахналарда олармен бірге жүремін ғой. Енді өзің қара, екеуміз қазір айғайласып қалдық, қазір концерт, енді сахнаға шығып алып, екеуміз екі жаққа қарап ән салып тұрсақ тағы болмайды. Мен сондықтан ондай келісім жасауға тырыспаймын. Мен «жігіттер, Аллаға сенесіңдер ғой, шүкір, ал жұмыс жасап көрейік» деймін. Мүмкін менің бір қателігім де сол шығар. Бірақ менің жігіттерім маған қарсы шығып, ащы сөздер айтып, көңіл қалдырған емес. Бір-бірімізге осы жерден қоя қояйық десек, бір сөзден түсініп, тоқтаймыз. Ары қарай әңгімен сыртқа жайып, ренжісу болған емес.
- Әсет Масабаев, Әділ Сламхан, Ақылбек, Мұрат Қожа топқа дейін де жеке орындаушы ретінде танылған, ертең топқа бір жағдай бола қалса ары қарай қалай жұмыс жасау керектігін жақсы білетін жігіттер. Әрине, Әділ Сламхан Қазақстанда сіз арқылы танылғанын білеміз. Бірақ осы кісілерден басқа жігіттер топтан кеткен соң өздерін жоғалтып алды. Олар бәлкім қиындықты сезінбеген шығар, сіз оларды топқа алдыңыз, бірден танымал болды, қалтада уақытылы гонорар дегендей. Сіз тапқан табысты олармен тең бөлістіңіз ғой?
— Басында тең бөлістік. Бірақ мен топтың басшысы болған соң, бала-шағам бар, бұрыннан өзімнің жеке алып жүрген гонорарым бар, сондықтан маған жігіттерге қарағанда көбірек төлейтін. Оның үстіне топтың үлкенімін, студия, ән жазу бәрі менен болған соң, ештеңе деместен, «Лұқа мынау сіздікі» деп бөліп беретін. Өз басым ақшаға арласқанды жек көремін. Сондықтан гонорар жағы, концерт, той дегенді Мұраттың мойнына ілгенбіз. Осындай шақырту бар дейді, өзің шеше бер дейміз. Онан соң барлығымыздың гонорарымызды өзі бөліп береді. Кейін жайлап қарасақ, жігіттерімізге ақша біткен соң, кішкене жал бітіп, ұйықтап қалатынды шығарды, қыдыру көбейіп кетті. Содан кейін барып ақшаны қысқарттық. Қатты азаймаса да, бұрынғыларына қарағанда төмендеттік. Бірақ, бәрібір айналып келгенде, ол ақшаға біз студияның, жігіттердің тұратын жерінің арендасын төледік. Киім тіктіреміз, жол, тамағы бәрі біздің мойнымызда болды. Бірақ, Ерсұлтан үйленген соң оның гонорарын көбейттік. Кейін мен кеткен соң да Мұраттан сұрап қоям жігіттердің көңіл-күйі қалай деп «әй, ашқарынға болады»деп әзілдеп жүретін. Тек кішкене шығармашылық тұрғысынан еңбекқорлық жетпеді. Бұрынғы репертуармен жүрді жүрді, бірақ бір қуырдақты қашанғы жейсің, халық та шаршайды. Сол кезде барып Мұрат маған келіп «Каспийді не жоқ қылып жібер, не қайтадан қолыңа ал» деп. Мен өз шешімімді айттым.
- Ешкім есікті қатты жауып кеткен жоқ шығар? Студияңызға бәріне есік ашық па?
— Жо-жоқ, ешкіммен реніш жоқ, бәрімен араласамыз, хабарласамыз, есік әрдайым ашық. Көріп қалсақ, сол кездерді сағындық деп қояды. Мен сағынсам, звондап ұрсып алам. Сосын олар «оо, шал сағыныпты» деп хабарласып тұрады.
- Бірақ енді оларды қайта сүйреуге энергия да, уақыт та жоқ дейсіз ғой иә?
— Сынған әйнекті қайта құрастырғанмен, күннің көзі түскенде ол жырық көрініп қалады ғой. Сол сияқты оны қайтадан жалғау өте қиын. Өзім жаңалықты жақсы көретін адаммын бір әншімен көп жұмыс жасап, бір-бірімізге кіржие бастасақ, арамыз ашылып кетпей тұрғанда қоя-қояйық деймін.
- Өнер әлемінде көп бөлінетін әншілер бар, топқа басқаға да бөлініп жүретін. Бәрі сахнаға бірге шыққанмен, сахнаның сыртында бөлек жүретіндерін жиі көреміз. Бірақ жұрт оларды емес сізді көп айтады, бөлінеді де жүреді деп сынайды...
— Қарап отырсам Тоқтар Семейлік, Саят Жамбылдан, марқұм Нәби Аймұратов Қызылордадан, "Диета Кз" Шымкенттен, "Бастаудағы" Ерасыл Қарағандыдан, Айбар осы Алматы облысынан, санайтын болсам біз осы күнге дейін сахнаға Қазақстанның 10 облысынан келген азаматтарды шығарыппыз. Бірінші Алла, біз себепшіміз ғой енді.Негізінде әншілерді журналистердің өздері бөледі «батыстықтар» деп. Кейбір жігіттер бізді көрсе «о, адайлар келе жатыр»дейді. Неге бөлесіңдер, біз сендерді дулаттар келе жатыр немесе қоңыраттар келе жатыр демейміз ғой десек, білмейміз сендер ерекшеленіп тұрасыңдар ғой дейді. Біз енді оған кінәлі емеспіз ғой. Біз мүмкін басқаша болып тұратын шығармыз. Себебі Шымкент, Жамбыл, Алматының дауыстары, ән айтулары, тембрлері ұқсас келеді. Ал батыстан келгендердің тембрі оларға келе бермейді.Оның үстіне Шымкент, Жамбыл, Талдықорған Алматыға жаын жерлер, ал біз жырақта жатқан елміз. Алматыға келу біздікілер үшін шетелге барумен бірдей. Мысалы «Біздің Шымкент, бізде Шымкентте» деп Шаншарлықтар көп айтады. Солай өздері бөлініп алды. Бірақ айналып келгенде бір қазақпыз ғой. Маған Өскемен, Семей, Павлодар, Баянауыл бәрі ұнайды. Киелі, көрікті жерлер. Мен тіпті Баянауылға арнап ән шығарғанмын. Сол жақта өтетін фестивальдің гимніне айналды ол ән. Мысалы сол Баянауылға менің ешқандай қатысым жоқ. Сол сияқты қазақтың бар даласын жақсы көрем. Қарағандыны мысалы союздың кезінен жақсы көрем, Алматыдан кейінгі үлкен қала ғой ол. Талай боксшылар шықты ол жерден.Тараз кіп-кішкентай, әдемі, жасыл қала. Түркістанымыз бар. Шымкент қаласы өте қатты ұнайды. Әсіресе адамдары ұнайды. Арғы шетінде Қызылорда, ол жерде Қорқыт бабамыз жатыр, ол жерде де болдық. Сырдарияның жағасы, бәрі-бәрі әдемі. Ары қарай Ақтөбе, өзіміздің жерге қарай кетеді. Ол қала да әдемі. Маңғыстау өз жеріміз енді. Қарап отырсам, бөлінетін ештеңеміз жоқ. Бірақ адам өзінің шыққан жерін, тегін айтып жүргенде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Батыс та Қазақстанның бір бөлігі ғой. Одан да «оо, міне батыстық жігіттер бір топ құрған екен бәрекелді» деп неге қолдамасқа?!
- Бұл жиі талқыға түсетін тақырып, сіздің елге, жерге бөлінбейтініңізді білеміз, бірақ топтың атын "Батыс" деп қойдыңыз...
— Ол әдемі естіледі, әдемі айтылады, "Орда", "Батыс" дегендер. Батысты мысалы ағылшынша West десеңіз де, орысша Запад десең де әдемі естіледі. А дыбысы басында тұрған соң әдемі естіледі. Соған байланысты қоя салдым. Бөлінейік деген ниет болған жоқ. Бәрінен сұрадым, түрлі нұсақалар болды, аң-құстардың атын қойғым келмеді.
- Сынап жатқандар көп. Мүмкін топтың атын өзгертуді ойланып көрерсіз?
— Жоқ. Біраз уақыттан соң халықтың құлағы үйреніп кетеді, ештеңесі де жоқ. Мысалы Шымкент шоу дейді, Астанада, Алматыда концерт қойды бәрі ағылып барып жатыр. Ой, ол Шымкент екен деп теріс айналып кетіп жатқан ешкім жоқ. Ең бастысы шығарған өнімі жақсы болса болды ғой. Мысалы әнің жақсы болып тұрса, бәрі тыңдайды, сосын барып оған деген көзқарасы өзгереді. Ең бастысы тыңдарманды әнімізбен мойындату керек. Ал топтың атында тұрған ештеңе жоқ. Ол да көп сөздің бірі болып кетеді деп ойлаймын.
- Жақсы, топтың атын жерге бөліну мақсатында қойған жоқпын деп отырсыз, ал, топқа келген екі жігіт те Батыс Қазақстан облысынан. Топқа оларды қандай талаптар бойынша таңдадыңыз?
— Бір қызығы мен бұл топқа ешкімді таңдап алған жоқпын. Олар маған екеуі өздері келді. Жалпы, маған талай әншілер келеді, көмектесесіз бе жастар деп келеді. Бірақ менде үйрететін мектеп жоқ. Сондықтан мен дайын әшілерді аламын. Тыңдап көремін, даусы жақсы болып тұрса, қазіргі тілмей айтқанда «жарып» тұрса неге алмасқа?! Бұл екі жігіттің біреуі Бердібек алдында «Қазақстан дауысына» қатысты, Алмастың тобында болған. Әнді өте әдемі айтады. Академияда да жақсы көзге түсіп жүрген жігіт. Оның қай қаладан екенін мен кейін білдім. Тағы біреуі ол Бауыржан, ол да академияның алдыңғы қатарлы әншілерінің бірі, ол да биыл «Қазақстан дауысы» жобасына қатысып жатыр. Екеуі топ құрсақ деп едік, көресіз бе деп келді. Дауыстарына қарадым, тартымдылықтарына да қарадым, ән беріп көрдім, өте қатты ұнады. Сосын барып екеуін алдым. Екеуі де осы Алматыда жүрген жігіттер.
- Уақыт тауып сұхбат бергеніңізге рахмет!
— Сіздерге де рахмет!
Сұхбаттасқан: Асхат Садырбай
Суреттер әншілердің Instagram-дағы жеке аккаунттарынан алынды: Бауыржан Ретбай, Бердібек Құлғараев

Пікірлер