Гостиницы в Алматы
2017-10-31 17:55:50 127 0

Қараша айының 5-і күні жеке концертін өткізетін  Әбдіжаппар Әлқожа тыңдармандарына тосынсый әзірледі. Әнші дәл сол күні өмірге келген немесе некесін қидырған жастарға өз концертіне тегін билет бермекші. Билеттер саны – 70.

“Билет саны шектеулі, 70 санын сіздерге бөлгенбіз. Бұл менің сіздерге барынша қуаныш сыйлауға тырысқан жаңалығым”, – дейді Әбдіжаппар.

Айта кетейік, Әбдіжаппар Әлқожаның ән кеші 5 қараша күні Республика сарайында өтеді. Ән кешінде Әбдіжаппардың әпкесі Роза Әлқожадан бөлек, Саят Медеуов, Жазира Байырбекова, Нұржан Керменбаев, Нұрболат Абдуллин сынды танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетеді.

5-ші қараша күні өмір есігін ашқан жандар мен некелескен жас жұбайлар болса 8-702-763-01-01 номеріне хабарласа аласыздар. Асығыңыздар, билет саны шектеулі.

Пікір жазу