Гостиницы в Алматы
2017-05-12 13:02:50 52 0

Актер Әнуар Нұрпейісов Алматы қаласынан шахмат орталығын ашты.

Шахмат залы 12 мамыр күні, яғни бүгін өз жұмысын бастайды. Әнуар Нұрпейісов :“2011 жылы тағдырдың жазуымен мен шахматқа қайта оралдым. Негізі онымен бала күнімде айналысқанмын. Содан бері Қазақстандағы шахмат спортының “асханасына” кіріп кеттім. Мен 2015 жылдан бастап Жансая Әбдумәлік атындағы шахмат Академиясының акционер-құрылтайшысымын. Сондықтан маған шахмат әлемінің мүмкіншіліктері мен мәселелері жақсы таныс”, - деп, ақыл-ойды дамытатын спорттың бұл түрін неліктен таңдағанын түсіндіре кетті. Бұл жайында stan.kz хабарлады.

Әнуардың шахмат  орталығына кез-келген адам келіп қатыса алады. «Үйренгісі келетін жандар үшін есігіміз әрқашан ашық»,- дейді актер.

Пікір жазу