Гостиницы в Алматы
2017-06-20 11:31:28 46 0

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес Лондонда баспасөз конференциясын өткізді.

Медиатур барысында осы аптада олар Нью-Йорк және Лос-Анджелес қалаларында болады. Кейінірек Мехико қаласында баспасөз конференциясын өткізу жоспарланған.

Лондонда Головкин мен Альварес журналистердің сұрақтарына жауап беріп, көз арбасты.

Естеріңізге сала кетейік, «Канело – Головкин» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Пікір жазу