Гостиницы в Алматы
2016-04-28 19:27:01 1038 0

Белгілі тележурналист Серік Аббас-шах әнші Бүркіттің жердің жалға беруіне қатысты айтқан пікіріне жауап қатты. Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды. Журналист әншіге бүркіт ұқсап қалықта, қораз сияқты бос жүгірме деді.  Серік Аббас-шах өз ойын өлеңмен жеткізіпті. Ол:

Қыран құссың, қырағысың, шиырлаған қиянды,

Төбедесің, елдің емес, жердің бетін жиі аңды.

Тойxана емес Жер-Анамыз, кім көрінген жалдайтын,

Ауып келсе, шибөрілер, қорғайды кім ұяңды?

Ел байлығы талан-тараж, бұл қазақтың соры аздай,

Ұрпағыңа қалдыр енді, Жер-ананың қоры азбай.

Бүркіт деген зор атың бар, самғасаңшы биікке,

Қанатыңмен жер сабалап, бос жүгірмей қораздай"-деп жазды.

Пікір жазу