Гостиницы в Алматы
2016-02-04 14:06:13 875 6

«Жалаң аяқ қыз» әнінің орындаушысы ретінде танылған Болат Әбдіахметов аталмыш шығарманы соңғы жылдары орындап жүрген әнші Айқын Төлепбергеновке ренішін білдірді, - деп хабарлайды Baistars.kz әншінің  "Айқын" басылымына берген сұхбатына сілтеме жасап.

Болат Әбдіахметовтің айтуынша, Айқын әннің әуеніне де, мәтініне де өзгерістер жасап, бастапқы мағынасынан біршама бұрмалап жіберген.

Мысалы, Болат Әбдіахметовтің репертуарындағы:

Жалаң аяқ қыз, жалаң аяқ,

Жалаң аяқ сиқырға қарап тұрып,

Жалаң аяқ жастығым келді есіме!

Жалаң аяқ, деп келетін қайырма мүлде алынып тасталған. Оның орнына қазақ және француз тілінде басқа шумақ қосқан.

Болат Әбдіахметовке ұнамағаны да осы болса керек. Жас әнші түпнұсқаны өзгертпес бұрын, ізеттілік танытып, алдынан өтпегеніне ренжулі.

Сонымен қатар, кемеңгер әнші «Жалаң аяқ қыз» әніне Айқынның түсірген бейнебаянын да ұнатпаған. Ол ұлттық болмысымызға сай келмейтінін айтып, тіпті «ешкім көрмей-ақ қойса екен» деп тілейтінін жасырмады.

Айта кетейік, Болат Әбдіахметов «Жалаң аяқ қыз» әнін тұңғыш рет 1989 жылы «Тамаша» ойын-сауық отауында орындап шығып, көпшіліктің қошаметіне бөленген болатын. Биыл 55 жасқа толатын әнші Мәскеудегі Гнесиндер атындағы Музыка академиясын бітірген алғашқы қазақ. Сонымен қатар, бірнеше халықаралық байқаудың жеңімпазы. Және де мәлім болғандай, Болат Нүкібайұлы атақты Ырғызбайдың ұрпағы, хакім Абайдың туған шөбересі екен.

Биылғы мерейтойына орай, әнші Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жанды дауыста концерт беруді жоспарлап жүр.

Сурет: aikyn.kz

 

Пікірлер

  • balim
    Айқын нын орындауындагы унады оте
  • Айдана
    Айкыннын аркасында танымал болды емес пе бул ан! Соны ескериниз
  • Мира
    Қалай Айкыннын аркасында танымал болады?«ЖАЛАҢ АЯҚ ҚЫЗДЫ» ТҰҢҒЫШ САХНАҒА ШЫҒАРҒАН БОЛАТ ӘБДІАХМЕТОВ. Бұл әнді орындап жүргеніне мне 27 жыл болды. БОЛАТ ӘБДІАХМЕТОВТЫҢ арқасында шетелдегі қаншама елге танымал боды: Германия, Австрия, Қытай, Тайланд патшалығы, Чехия, Монголия, Америка, Қарақалпақстан, Узбекістан т.б. Бүкіл жер шары 1989 жылдан бастап бұл әнді сүйіп тыңдап жүр!
  • Алматы мәдениеті
    Айналайындар!Сіздер бала бақшасына барып жүргенде, мұрынның боғын сүртіп, Болат ағаларын сол әнді айтып жүрген!Әкемен шешелерінен сұраңыздар, сол кісілер жақсы біледі әннің тарихын және сол әншіні! Пікір жазғанда, аттарынды құпия қылмай жазындар.
  • Бауыржан Тұрғараев/композитор/
    Айқынның жеке басында шаруамыз жоқ, мәселе әнді қорлағанында болып тұр. Қазақ халқы соған ренжіді. Орнымен айтса үндемес еді. Болаттан асырып орындамаған соң, көтере алмайтын шоқпарды беліне байламау керек еді.
  • Гүлмира Оспанова
    "Білмесең - үндеме, Білсең - үніңді өшір" деп қазағым бет алды айтпапты. Сіңілім Айдана! Сенің толық аты жөнің қалай екен? Жеке саған жазайын осы ән тұралы! Орыстардың бір мақалдары бар - "Собака лает, караван идет" деп сендерде тұра сол болдыңдар! Қазақ халқымыз бәріде жақсы біледі кім сол әнді өмір бойы айтып келе жатқанын!

Пікір жазу