Гостиницы в Алматы
2016-02-21 18:21:51 3889 0

Желіде қазақстандық белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі казинода жанжал шығарды делінген видео пайда болды, деп хабарлайды Baistars.kz.

Видеоға "Баха Есентаев есімді мемлекеттік қызметкер "Карлтон" казино-отеліне 40 мың доллар ұтылды" деп пікір қалдырылған. Қолданушылардың дерлігі мұны қазақстандық продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаевқа ұқсатты.

Дегенмен, Баян Есентаева Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жолдасының ол видеоға еш қатысы жоқ екенін айтты: "Иә, хабардармын. Видеоны көрдім. Айтарым, оған менің жолдасымның еш қатысы жоқ. Ол аттасы болуы мүмкін немесе біреу әдейі солай істеген. Ол менің жолдасым емес", - деді Есентаева.

">Видеода ер адам ашуын ойынхана қызметкерлерінен алуды жөн көрген сыңайлы. Оның кенеттен жасалған соққысынан крупье құлап қала жаздайды. Сол сәтте дилерге қауіпсіздік қызметкерлері көмекке келеді, алайда клиентке ешқандай күш көрсетілмейді.

Одан кейінгі кадрларда ер адам ғимараттың холлына өтіп, қауіпсіздік қызметкерлерімен дауласуды жалғастырады. Тіпті кассаға барып, қарызға 5000 доллар сұрағаны да көрсетілген. Видеоның соңында, 18 қазан 2015 жыл деп белгіленген эпизодта, дәл сол ер адам ойынхананың тағы бір клиентімен төбелесі көрсетілген.

Видео әр ракурстан түсірілгенін және мұқият монтаждалғанын байқауға болады.

Айта кетейік, продюсер Баян Есентаева жолдасы Бақытбек Есентаевпен екі қыз тәрбиелеп отыр. Күйеуінің немен айналысатынын продюсер ешқашан ашып айтқан емес. Сұхбаттарының бірінде ғана күйеуімен үш рет ажырасып кете жаздағанын және күйеуіне қарызға ақша берсе, ол оны тиынына дейін қайтарып беретінін айтқан.

 

 

Пікір жазу