Гостиницы в Алматы
2016-12-15 14:34:51 151 0

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның 2017 жылға арналған жоспарлары белгілі болды. Бұл туралы спортшының PR менеджері Берік Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Бірінші орта салмақта WBA Fedecaribe чемпионы Қанат Ислам келесі жылы төрт рет рингке шығады. Алғашқы кездесуі АҚШ-та өтеді. Кіммен және қай уақытта өтуі бойынша қазір келіссөз жүргізіліп жатыр. Қанат Исламның жекпе-жегін "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Берік Сұлтанның айтуы бойынша, Қанат Ислам 2017 жылы Астанада ЭКСПО көрмесі аясында жекпе-жекке шығады.

Қанат Ислам бұған дейін 22 кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, оның 19-ын нокаутпен аяқтаған. Соңғы рет спортшы Алматыда ганалық Патрик Аллотейді жеңген еді.

Қанат Ислам

Пікір жазу