Гостиницы в Алматы
2016-12-26 12:39:37 357 0

"Қоңыр" триосының әншісі Жазира Қошанова тұрмысқа шығып, топтан кететінін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz.

"Қадірлі ағайын, естеріңізде болса біраз күн бұрын Вконтакте желісінде мен және менің топтан кететінім туралы продюсерім, әрі ағам Сержан Молдасанұлының жазбасы пайда болған еді. Бізге тілекші болған, жаны ауырған барлығыңызға мың алғыс. Маған да оңай тиіп жүрген жоқ. Уакыт жақындаған сайын бір қимастықтың күшейіп жатқаны да рас. Барлығы өмір заңы. Аз күн бұрын ағама xабарласып, топқа алынатын қыздарға байқауды (кастинг) бастай берейік деп шештік. Мен үшін де "Қоңырға" кімнің келетіні аса маңызды", – деп жазды Жазира Қошанова әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Қоңыр"  - 2007 жылы құрылған дәстүрі әндерді орындайтын топ.

Қоңыр

Пікір жазу