Гостиницы в Алматы
2016-04-06 17:28:14 1579 1

«Махаббат жасқа қарамайды». Отандық шоу бизнесте бұл ұғыммен келісетін жұлдызды жұптар баршылық.

Baistars.kz жас талғамайтын өнер адамдарының тізімін жариялайды.

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина

Жұлдызды жұптардың жас айырмашылығы 14 жас. Алғашында ағалы-қарындас ретінде араласқан өнер жұлдыздарың сыйластығы мөлдір махаббатқа ұласқан.

Асанәлі Әшімов

Асанәлі Әшімовтың жұбайы өзінен 33 жас кіші. Бүгінде отбасының көз-қуанышы Асанәлі атты ұлдары бар.

Мадина Садуақасова

Мадина Садуақасованың жолдасы Олжас өзінен 7 жас кіші. Алайда, Мадина ханым Олжастың жасы кіші болғанымен көргені көп екенін алға тартады.

Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаров

Баян Нұрмышева өз продюсері Ерлан Орынбасаровқа тұрмысқа шыққаны бәріне белгілі. Бір қызығы, Ерлан Орынбасаров жарынан әлдеқайда кіші.

Гүлнұр Оразымбетова

Гүлнар Оразымбетованың жолдасы өзінен 21 жас үлкен. Бүгінде бақытты отбасы 2 бала тәрбиелеп отыр.

Еркін Нұржанов

Еркін Нұржанов екінші рет үйленгендігі баршаға мәлім. Десе де, Еркін жары Динарадан 14 жас үлкен.

Рүстем Нұржігіт

Рүстем мен белгілі продюсер Гаухар Иманқұлова өнер ортасында танысып, табысты. Алайда, Рүстем Гаухардан кіші екендігін жиі естіп жатамыз.

Болат Жолдасов

Болат Жолдасовтың жары өзінен 9 жас кіші. Естеріңізге сала кетейік, Болат былтыр ғана аққу құсын қолына қондырған еді.

Дәуіт Шайхысламов

Әзілкеш Дәуіт Шайхысламовтың жары журналист Дана Орманбаева екенін бірі білсе, бірі білмейді. Дегенмен, Дана жолдасынан үлкен болса керек.

Ал сіз жас талғамайтын қандай жұптарды білесіз?

Пікірлер

  • Шолпан
    Жас талгамай косылган жуптарга баянды бак тилеймин. Ери айелинен улкен болса орынды,айелдин еринен улкен болганы жарасымды коринбейтин секилди,сыртынан караганда. Ишки ара катынасында жарасымды болар,бирак сырт козге огаштау коринетин сиякты. Жогарыда атап откен жуптардын ишинен Мадина куйеуинен бирнеше жас улкен болса да жарасымды. Олжас пен Мадинага жануялык бакыт тилеймин! Махаббат жас талгамайды дегенди желеу кылып биреудин уйып откан жануясын бузып косылып жаткандарга улги болмаса екен деймин осы котерген такырып. Арким оз тенимен жарасуды жазсын ,Алла!

Пікір жазу