Гостиницы в Алматы
2015-03-30 22:46:35 5651 1

«КешYOU» тобының экс мүшесі Айдана Меденова тұрмыс құрды. 23 жастағы әншінің таңдаған жары да өнер ауылынан алыс емес, эстрадамыздағы «Индиго» және «FM» гелз-бендтерінің продюсері Әлішер Нұржанов.

Жұлдызды той 22-наурыз күні Алматы қаласында өтті. Мерекеге екі жастың ең жақын достары мен қазақстандық шоу-бизнес өкілдері қатысты.

«Леди Mail.Ru» редакциясының ақпаратына сай Айдана Меденова 2015 жылдың ақпан айында «КешYOU» тобынан кеткен болатын. Бұл тізімде бес жылдық келісімшартының мерзімі жеткен Кәмшат Жолдыбаева да бар. Ал, олардан бұрын Мөлдір Әуелбекова мен Жанар Дұғалова карьерасын жеке әншілікке ұластырған-ды.

Продюсер Баян Есентаеваның аталған жобасында ең бірінші Әнел Әрінова, Зумрад Гараева мен Мөлдір Әуелбекова әуелетіп ән салған еді. 10 жыл ішінде 5 рет топ мүшелерінің орны ауысты. Енді «КешYou»-дің құрамында 18 жасар Ақбота Сейтмағанбет, 19 жастағы Балжан Бидаш пен Жұлдыз Өмірғали ән салады.

Пікірлер

  • Гульжанат
    Бул еск1 жаналык кой. Сайттар жаналыктарды бар1нен бурын жариялайтын сиякты ед1. Бул сайт маган унайды дегенмен мына жаналык т1пт1 газетке де шыгып улгерд1. Жаналык кут1п газеттен кей1н окыганымыз жарамады... Кей1нг1 кездер1 жумыстарыныз саябырсып калгандай. Активно жумыс жасасаныздар. От1н1ш

Пікір жазу