Гостиницы в Алматы
2017-10-24 12:10:20 173 0

Қазақстандық жұлдыздардың тойға шақыру құны әншілердің танымалдығына байланысты. Бұл жайында nur.kz сайты хабарлады.

Белгілі айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваны қыз ұзатуға шақыру үшін 2000 долларыңыз болса болғаны.

«Чип-чиппен» той көркін қыздыратын Асхат Тарғын да осы шамасында ақы алады. Ал Абай Бегей мен "Кеш You" тобының 40-минуттық өнер көрсетуі 1 миллион тұрады.

Сондай-а, жоғары қаламақы сұрайтындар қатарында Нұржан Төлендиев пен Ерке Есмахан, Мадина Сәдуақасова бар. Бұл кісілерді өз тойыңызда көргіңіз келсе, 4 000 доллар төлеуге дайын болыңыз.

 Жазира мен Жанболат 5 000 доллар сұраса, Қарақат пен Қыдырәлі, Бүркіт пен Аиша  бір тойды өткеруге 7 000 доллар алады екен,

Ал тойыңызда Қайрат Нұртастың 2-3 ән айтқанын қаласаңыз осы көлемде ақы төлейсіз.

15 000 долларға  Тұрсынбек Қабатовты тойыңыздың жүргізушісі ете аласыз.

Пікір жазу