Гостиницы в Алматы
2015-02-02 19:29:22 3062 0

Алтынбек Рахметов Астаналық жас әнші Ардақ Алекешевті продюсерлігіне алды. Ардақ Алекешев осыған дейін «Asia man-2014», «Күншуақ» сияқты халықаралық және бірнеше республикалық байқаулардың жүлдегері атанған.  Сонымен қатар, жақында әнші «Шілде гүлі» атты жаңа әнін халыққа ұсынған болатын. Жаңа туындысы музыкалық сайттарда үздік әндер қатарына кіріп үлгерді.

Алтынбек Рахметов осы уақытқа дейін Еркін Мәулен, Серік Ибрагимов сынды жас әншілердің үлкен сахнаға шығып, халыққа танылуына үлкен үлес қосқан. Ал қазір продюсер жаңа жобасымен  жаңа әндер жазып, қызу түрде жұмысқа кірісіп кетіпті.

Ардақ Алекешев продюсерінің бірінші талабы бойынша Астана қаласынан Алматы қаласына толықтай қоныс аударыпты.

Продюсерден арнайы жаңа жобасы жайлы «Ардаққа продюсер болуыңыздың себебі неде?» деп сұрағанымызда: «Ардақ өте мықты әнші.  Ән айтқанда 4 октаваны ала алады. Мұндай дауыс қазақ эстрадасында болмаған»,– деп, ал «Ұсыныс кімнен болды?» деген сұраққа: «Ұсыныс Ардақтан болды. Оның үстіне мен тек танымал емес жас әншілермен жұмыс жасаймын», – деп жауап берді.

Ендеше үлкен сахнаға қадам басқан әншіге және продюсеріне тек сәттілік тілейміз!

 

http://instagram.com/p/ymRlqZnqFB/?modal=true

http://instagram.com/p/ymYgPTNppy/?modal=true

http://instagram.com/p/xuEzdWtpuK/?modal=true

http://instagram.com/p/xd_QeTNpnz/?modal=true

http://instagram.com/p/w33K2mtpsm/?modal=true

Пікір жазу