Гостиницы в Алматы
2017-06-19 12:00:42 110 0

«АСТАНА АРЛАНС» ПЕН «КУБА ҚАБЫЛАНДАРЫ» АРАСЫНДАҒЫ ФИНАЛДЫҚ ЖЕКПЕ-ЖЕК АСТАНАДА ӨТЕДІ

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) VII маусымындағы "Астана арландары" мен "Куба қабыландары" арасындағы финалдық жекпе-жек Аcтанада өтеді.

Финалдық кездесу 15 шілде күні "Қазақстан" спорт кешенінде өтеді. Финалдық кездесулердің барлығы да бір күнде өтеді деп жоспарлануда.  Бұл жайында vesti.kz мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) биылғы маусымының финалында елордалық "Астана арландары" мен кубалық "Куба қабыландары" командалары кездеседі.Бұл жобада біздің клуб 2013 және 2015 жылдары топ жарса, кубалық команда 2014 және 2016 жылдары жеңіске жеткен. Алдағы кездесуде жеңіске жеткен команда жобаның ең табысты ұжымы атанбақшы.

Пікір жазу