Гостиницы в Алматы
2015-06-29 11:09:29 29129 77

Эстрадамызда қыздардан құралған бірнеше топ бар. Олардың саны күн санап артып келеді. Бірнешеуінің құрамдары қайта-қайта жаңарып, ендібірі жұмыстарын мүлде тоқтатты. Сәйкесінше, еш кедергіге қарамастан, шығармашылықтың шыңына ұмтылыс үстіндегілері де жоқ емес. Солардың арасынан үздіктерін анықтау мақсатында "Baistars" оқырмандар арасында сауалнама жүргізеді.

«Кеш You» тобы. Продюсер Баян Есентаеваның тың жобасы. Топ салған әніне сымбаты сай үш арудан құралған. Алғашқы құрам өнерге 2006 жылы келді. Содан бері құрамы бірнеше рет өзгерді. Бүгінде «Кеш You»-ліктердің қатарында Балжан Бидаш, Ақбота Нұр, Жұлдыз Өмірғали бар. Биыл ғана 7 жылдық келісімге қол қойған олар бірнеше әндер жазып, бейнеклиптер түсіріп үлгерді.

«Лашын» тобы да танымал продюсер Баян Есентаеваның жобасы. Топтың құрылғанына 1 жыл да болып үлгермеді. Үш қыздан құрылған «Лашынның» құрамында Ақбота, Сара және Элизат есімді қыздар бар. Олар 18, 19 және 20 жастағы бойжеткендер. Қоржындарында үш бейнеклип пен бірнеше әндері бар.

«Асыл» тобы 2008 жылы құрылды. Бұл топ өзге қыздар тобынан ұлттық аспапта ойнауларымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, Анар Аязбаева, Ғалия Мұратова мен Ақерке Бүркітбай ән салып қана қоймай, қобыз үнімен әрлейді.

Ал, «Индиго» тобы 2009 жылы құрылды. Қыздар триосының алғашқы құрамында Айнұр, Анастасия, Айбөпе есімді қыздар болған. Олар «Алтын бесік» , «Комета», «Небо и земля» сияқты әндерімен танылған-ды.Топ құрамы толықтай өзгерді. Жаңа құрамда Алуа, Дәмелі, Раушан есімді үш қыз ән салады.

«Ayumi» тобының продюсері Алуа Қонарова. Топ үш қыздан құралды. Айдана, Айгерім, Ақназ есімді арулар талабы қатал кастингтен өткен. Кейіннен Айгерім топтан кетіп, құрам екі қыз болып қалды, сосын Әсел есімді қыз келіп «Ayumi» қайта толықты.

“Altyn Girls” тобы «Жұлдыз болғым келеді» тележобасының қатысушыларынан 2014 жылы құрылған. Продюсері – Әсел Сәдуақасова. Топта Назима, Ирина, Зарина есімді қыздар өнер көрсетеді.

“Дауыс International” тобы 2002 жылы құрылды. Алғашқы құрамда Асыл, Әсел, Әсел Сәдуақасова мен Рано Омарова болды. Бүгінде Рано мен Әсел Сәдуақасова аталған топқа продюсер. Жаңа құрамда Алтынай, Айнұр, Анар және Назым есімді төрт қыз бар.

“FM” тобын продюсер Гүлвира Илахунова 2003 жылы құрған еді. Топтың алғашқы хит әні «Любила ли я» деп аталды. Бұл топ та бірнеше рет құрамын өзгерткендердің қатарында.

«Caffeine» тобы. Әсел Сәдуақасованың жобасы. Құрылғанына аз уақыт болса да өз аудиториясын жинап үлгерді. Топ құрамындағы Анель мен Фарима, «Жұлдыз болғым келеді» тележобасының финалистері.

Арайлы және Алма есімді екі қыздан құралған «Аяла» тобының продюсері – Сиви Махмуди. Екі орындаушының да музыкалық білімдері бар. Негізінен бұл топ бұрыннан бар. Продюсерінің тұрмыс құруына байланысты жұмыс тоқтап артынша жалғасын тапты.

 

 

Эстрадамыздағы "Ең үздік қыздар тобына" дауыс беріңіздер. 5873 адам дауыс берді.










Пікірлер

  • Гаухар
    Казіргі таңдағы "Ең үздік қыздар тобы" атағына лайықты 2 топ бар деп айта аламын. Олар: Асыл және Лашын тобы. Осы екі топтың бірі жеңу керек.
  • kanat
    Топтың ишинде ен үздік болуга Асыл тобының кыздары әбден лайықты, барлық жағынан салыстыратын болса.Дурыс шешiм жасайық ... kesh you кыздары али жас уйренерлери али коп ...
  • Aidana
    Гаухар,тек олар емес Кешью тобы да лайықты.олар 10жылдық топ.Олардың ғұмыры ешқашан бітпейді.Жəне Ең үздік қыздар тобын олар əлі ешкімге бермеген.Жəне осы номинацияда олар жеңеді деген сенімдемін
  • Айгерим
    Оз басым аяла тобынан баска ешкандай топты танымаймын
  • saltanat
    .Оз басым Кешyou тобына дауысымды бердiм!!!
  • Ербол
    «Ең үздік қыздар тобы» KESH YOU, және Лашын,"Асыл" тобы,"Ayumi" тобы "Индиго" тобы "Caffeine" тобы "Дауыс International" тобы "FM" тобы "Altyn girls" тобы танымал болып келеді."Аяла" тобының 4 орында тұруы күмәнға күдік ұялатады. не твдан кормеппін, не дауыстарын естімеппін.сондай қатты танымал топ деп айта алмайм,Аяланы біледі деп айта алмайм. бұл жерде дауыстар бұрмаланған сияқты, сондықтан дауысты бұрмаламауларыңызды өтінем. Аюми тобы 4 орында, ол сауал бұрында өткізілген, соңынан шыққан "Altyn girls"және "Caffeine" тобынанда шамалы танымалдылығы Аяланың. KESH YOU ол әр қашан 1 орында. оларды бәрі таныйды, бұл баян және багым ханымның еңбектері.
  • almat
    Ayala toby alga!!! Keremet kizdar ayalaga dauis berdym
  • Айсана
    Аяла тобынын кыздары мыкты!!! Оз басыма осы топ унайды!!!! Дауыс бердим!!!!
  • Almat
    Ayalaaa tobiii jaraisindar. Dauis berdim.
  • Маке
    Даусымды озгертким келеди. Калай жасасам болады.??
  • Ханби
    Ең жаксы кыздар тобы Лашын тобы деп ойлаймын
  • Ermek
    Oz oyim ayala tobi jak anwiler. dauistari keremet.
  • Адилет
    Алма, Арай талантты кыздар!!! онерлерин табысты болсын!!!
  • Amina
    Аялага дауыс бердым!!!! Менын ойымша, бул топ биык шындарга жетеды!!!!
  • Айдана
    KeshYou жəне Lashyn тобы!!!!!!!!!!!!
  • Жан
    Ербол сизде неге ондай пикир калыптасты? Аяла тобынын оз тындарманы бар! Керемет дауыстары бар талантты топ! Онер когинде алеминде оз орындарын табады деп ойлаймын!
  • Айсара
    Казирги танда Лашын деп ойлаймын, Кешью али оздерин танытып улгерген жок Брак маган Асыл мен Алтын тобыда унайдыыыыыы❤️
  • Лаура
    кай топты интернеттен коп караймын соған дауыс бердим. ол топ әрине КЕШ YOU! )
  • Асель
    Аяла тобына дауыс бердим. Кыздар жарайсындар!!!
  • Кундыз
    "Индиго" тобына бердім мен өз даусымды) ал кешyou тобына келсек олар бурынан бар, тәжірибелі топ, АЛ ЕГЕР ИНДИГО ТОБЫДА КЕШYOU ТОБЫМЕН БИРДИ ШЫҚҚАНДА ЕКЕУИНИН ДЕНГЕЙЫ 1-ДЕЙ БОЛАТЫН ЕДИ!!!
  • Aruzhan
    Мен Кеш You тобына бердм.Олар оте енбеккор кыздар жане оте адемы.Кеш You тобы женедыы деп ойлаймын.Алга Кеш You тобы!!!!
  • Айжан
    кешю жақсы топ моиындау керек бірақ олардың аиту манері тек даусына ғана емемс тұрыстарына да мән берик
  • Толқын
    Менин ойымша кешью лашын индиго топтары оте лайыкты. Себеби оларды 2нин 1 таныйды оз басым лашынга дауыс бердим ойткени олар жанадан курылгап топ али де бииктерден коринеди деп ойлайм
  • Бота
    Ал мен Лашын тобына дауыс бердим себеби Индигога караганда 1жыл бурын шыкты жане денгейи КЕШЬЮ мен бирдей деуге болады. Бул жерде кай топтын сураныста коп екенин коруге болады. Лашын тобы оте керемет егер вокалдык тургыда алганда олар казирги КЕШЬЮди басып отеди.
  • Айнур
    Ен керемет топ аркашанда Кешью болып калады)
  • Akzhan
    Шынымды айтсам Алтын гелс, индиго, кофеин, асыл деген топтар жайында естімеппін де көрмеппін де, Кешью мен Лашын тобы барлығына танымал, ол айдан анық себебі Баян xанымның жобасы, дауысымды Аяла тобына бердім, себебі Сиви xаным жерлесім, топтағы қыздар аса таныла қоймаса да дауыстары құлаққа жағымды, шыңғырып өлең айтқанын көрмеппін, болашақта ол қыздар биіктерден көрінеді деп сенемін!
  • Корлан
    Лашын это лучшая группа из всех груп.И это все знают.
  • Корлан
    Дурыс айтасыз Лашын зажигаеет
  • Арайлым
    Осы сайыс расымен әділ болатын болса, онда АСЫЛ тобы алдыңғы орында болуы керек деп ойлаймын. Бірақ қайдам....
  • Аяулым
    Лашын тобы мен Кешью тобы тек лга оларды курметте мин керемет
  • Асем
    Маган кеш ю тобы унайды андери де магыналы сапалы. Баска топтар сиякты тв га шыгу ушин калай болса солай айта бермейди.
  • Улбике
    Кешю дин кыздары али танылмасада умытпаныздар кешю де сахнага шыгатын олен айтатын 3ак кыз болганымен. Жумыс жасайтын сахна сыртында баскада адамдар, ужымдары бар деген сиякты! Сондыктан олардында жумысын багалайык. Кешю дин кешю боп жургени солардын енбектеринин аркасы деп ойлайм. Ендиги баримиз мойындайтын уакыт келди кешю 1ши орында екендигин. Бул менин жеке ойым.
  • Жулдыз
    Нени аитсандарда оздерин билиндер оз басым кешюге дауыс бердим калгандарын танымайм
  • Амина
    Казир Кешью да жана курам, олар али профессионалдык денгейге жеткен жок.. Танымал ойткени бурынгы курамы болгасын жане де Баян М. Ол болмаса оларды да ешким билмейде естимейде коятын еди
  • Амина
    Аюми тобы лайыкты деп ойлаймын!
  • Лаура
    Индиго алга! Сендерге дауысымды бердим
  • Айдана
    Лаура, менде Индиго тобына дауысымды бердим Кешью тобына 10 жыл болды али оздериннин жеке коньцерттерин бермеди ал Лашынга келсек Лашын тобы нын кыздары шынгыра береди клип тери сапасыз Индиго тобы алга кыздары оте адеми,дауыстары да куштии Индиго тобы утпасада Индиго тобы ен кушти топ!
  • Акбота Асылхан
    Тек КЕШЬЮ тобы лайык калгандарын билмейм Аяла тобын биринши рет естип турмн
  • Карагоз
    Менде Аяла деген топты естімеппін
  • Аскар
    1ши рет естип турсаныз кудай каласа кунде еститин боласыз Инш Аллах!!! Аяла тобына саттилик тилеймин!!! Дауысымды аялага бердим.
  • Ержигит
    Ең Лайықтысы ол Лашын тобы !!! Аз уақыттың ішінде талай жұмыс атқарып тастады. . Тек алған . керемет топ
  • Asem
    Мына топтардын тизиминде танымайтын GIRLS BAND-тер коп екен, билетин Дауыс International, FM, Keш You, Лашын
  • Альбина
    Кешью лайыкты деп ойлаймын! Жана курам болса да,калысар емес. Енбеккор,кыздары сулу.. дауыстары зор)
  • Эльмира
    КешYou и Lashyn лучшие! Проголосовала за Lashyn) Очень уважаю Баян Максатовну! Низкий ей поклон, за такое творчество.
  • Сулупан
    Бул атакка Лашын тобы лайыкты
  • Aizhan
    Ayumi только Ayumi!
  • ораз
    Менин ойымша "Кешью" тобы лайыкты.Казирги курам бурынгы курамга жана,тын леп берди.5-6 айдын ишинде бурынгы курамдар 2-3 жылда жеткен денгейге жетип алды 4-5 жылда ТМД елдериндери ен уздик топ болары созсиз.Уакыт корсетеди.Кыздарымызга саттилик.Олармен елимиздин мандай алды касипкойлары жумыс жасайтынын ескерсек.
  • Лидия
    Я изначально проголосовала за KeshYou, но спустя 2 часа захожу чтобы проверить, а мой голос засчитан за группу Лашын. Как так получилось?
  • Shyrai
    Лашын тобы жанадан курылган топ болса да эстрадамызга танылып улгерген топ!сондыктан Лашын тобы ен уздик топтардын бири!!Лашын тек кана алга!!
  • Gulnaz
    КЕШЬЮ ЖАНЕ ЛАШЫН ОСЫ ЕКИ ТОП КАНА ЛАЙЫКТЫ!!!!!!!!!
  • Алуа
    Менин ойымша кешью ен мыкты топ.
  • Амина
    Менде солай ойлаймын Кешью Лашын Аюми топтары Алга!
  • Ainura
    Мен оз басым кешyou женеди деп ойлаймын.Курылгандарына аз болсада олар елдин кошеметине боленип жур.Алеуметтик желиде олардын мындаган фан клубтары бар.Кешyou миндетти турде женеди
  • Aidana
    Жарайды профессионалдық деңгейге жетпесе осындай мадақтауларға жарайды.олардың жылдық еңбек көрсеткіштері керемет
  • Молдир
    мен өз дауысымды Лашын тобына бердим.Кешьюде жақсы топ бірақ Лашынға қарағанда керемет демеймин .Казирги кешью бұрынғы атақ даңқтын арқасында танымал боп жур истеген енбектери аз бар тек продюсер дин аркасыеда шыны керек
  • Кундыз
    Құтты болсын!!! Мен олай деп ойламаймын) билем.... менин даусым жоқ, мойындаймын! Бирка шыны керек Лашын тобының қыздары кешірім сорайын) дауыстары бариники ұнамды!((((
  • Кундыз
    Құтты болсын!!! Мен олай деп ойламаймын) билем…. менин даусым жоқ, мойындаймын! Бирак шыны керек Лашын тобының қыздары кешірім сорайын) дауыстары бариники бирдей ұнады деп айта алмайын(((((
  • Кундыз
    Дұрыс айтасыз)) Алғысым шексіз! Алланың нұры жаусын! Индиго тобының қыздары жай ғана әдемі емес) мейримди, ақ конилгой)♡♡♡♡♡
  • Кундыз
    Лашын тобы; шыны керек, бираз бағдарламаларда кордим) қыздардың бар күле береди) қатты кулкили ангиме айтылған жоқ) озим биртүрлі болып калдым) коп кулесиздер) былай өмірде әрине кулениздер, жуздеринизден кулки кетпесин!!!! Бирка халық алдында өздерінизди сәл дурыс устауларынызды сораймын) коп ыржаңдаган казак қызына сай қылық емес!!!!((((
  • Эльмира
    Алтын girls және Ayumi тобы, қыздар тамаша жұмыс жасап жүр!!!Өлеңдері керемет!!
  • Анель Сейпышева
    КЕШЮ қатарынан 1 орын алды. Жаңадан құрылған топ. Қыздар әлі жас. Былай салыстырсак баска құрамалардан деңгейі төмен, бірақ дауыстары керемет, оз басым оларды тыңдаймын, бірақ КЕШЮ тек Баян Есентаеванын арқасында гана танымал. Әр топты бөлмейік Анау жаман мынау жаксы деп! Қазақпыз ғой. Әр топ өзінің ерекшелігімен жаксы! Өз басым Асыл тобына бердім! Ешкім ешкімнен кем емес! Бәріне сәттілік!
  • Айсара
    Казакы накышта карайтын болсак Асыл тобы лайыкты деп ойлаймын
  • Мадина
    Кешью женетини айтпасада белгили.Баян Есентаева турганда.
  • казак
    Дауыс international . Ayumi. Vaffeine. Fm. Аяла . Топтарына шоу бизнестен кету керек кой. Босқа жур. Оларга дауыс берип жаткан ешким жок демек, тындармандары да жок деген соз.
  • Гуми
    Осы жерде жазылган букил пикир ар топтын адамдары деп айткым келип отыр
  • назерке
    Арине Кеш уои тобыы лайыкты олар неше жылдан берги енбеги бар топ,сондыктан кешъю тобы баринен лайыкты.Ол топтын кыздары тарбиели,дауыстары да асем,корикти сулу,жан-жакты кыздар сондыктан дауыс берулеринзди сураймын...
  • Шагала
    Лашын тобы жеңіске лайықты!
  • алина
    кума лашын ески топ емес жанадан шыккан топ билип алп соилешиш курсын
  • Нургул
    Өзім білетін елге жақсы танылып жүргендер "Кеш ю", "Лашын", "Асыл", "Аюми". Қалған топтарға көп еңбектену керек сияқты. "Асыл" тобы өзіме қатты ұнайды!! Жарайсыңдар қыздар!!
  • Mira
    Kesh You tobi ardaiim alda juruge laik top olar tanimal dauistari da stiilide keremet top Kesh You tek alga
  • НАЗЕРКЕ
    АЮМИ ТОБЫ МЕН С ЕНДЕРДИ ЖАКСЫ КОРЕМИ Н СЕНДЕР МАГАН УНАЙСЫНДАР
  • Danial
    Ayumi лайк молодец осы жолдарыннан таймасандар гаккуде 15 апта тура аласын
  • Гүлхан
    Ең үздік қыздар тобы олар;Аюми,кешюлік қыздар .Алуа ханыммен ,Баян ханымның еңбегі өте көп
  • bota
    Ayumi
  • Назира
    Ең үздік қыздар тобы ол: Ayumi
  • Арука
    Мен өз даусымды Аюмиға беремін себебі олар заман талабына сай топ Аюми алға
  • Айлин
    Мен өз ұпайымды Аюми тобына бердім.Өлендері хит,өте танымал болып жатыр.Алда да жетістіктерге жетеді деген ойдамын.Егер олардың бірде-бір өленін тындамасандар мені тусіне алмайсындар.Буйырса,олар тіпті әлемдік деңгейге шыға алады.Ал әзірше,оларға әлі еңбектену керек.Сәттілік!!!!!!

Пікір жазу