Гостиницы в Алматы
2016-11-23 12:43:24 254 0

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильинның Пекин және Лондон ойындарында алған алтындары қайтарылып, спортшының нәтижелері жойылатын болды. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) осындай шешім шығарған. Бұл туралы Қазақстан ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасай отырып Азаттық радиосы хабарлады.

ХОК Илья Ильиннің Пекин мен Лондонда көрсеткен нәтижелері жойылғаны туралы ресми хатты Қазақстан ұлттық олимпиада комитетіне бағыттаған. Зілтеміршінің қандай мерзімге спорттан шеттетілетіні туралы шешімді Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қабылдайтын болады.

Олимпиада комитеті Рио олимпиадасының қарсаңында 2008 жылы Пекинде, 2012 жылы Лондонда өткен олимпиадалардың сынамаларын жаңа технологиямен қайта тексерді. Нәтижесінде Лондон ойындарына қатысқан қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зүлфия Чиншанлоның допинг сынамалары оң нәтиже беріп, оларға тиесілі нәтижелер күшін жойды.

Сонымен қатар Пекин олимпиадасына қатысқан қазақстандық жүлдегерлер Ирина Некрасованың, Мария Грабовецкаяның (ауыр атлетика), Таймураз Тигиевтің (еркін күрес) және Әсет Мәмбетовтың (грек-рим күресі) нәтижелері жойылып отыр.

Пікір жазу