Гостиницы в Алматы
2018-01-17 17:59:10 77 0

АҚСАЙЛЫҚ ЖІГІТТІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МОДЕЛЬДІК АГЕНТТІГІ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРДЫ

Ақсайлық Берік Қасымжанов жуырда Ұлыбритания астанасы Лондонда «First model management» агенттігімен келісімшартқа қол қойды. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

Берік модель ретінде қазірдің өзінде каталогтар мен журналдар үшін бірнеше суретке түсіп үлгерген. «Мұндай түсірілімдер үшін кейде күніне 6-7 рет кастингтен өтуге тура келеді. Бұл жұмыс сонысымен қиын да қызықты», дейді ол.

Берік Қасымжанов о баста модель боламын деген ойда болмаған. Барлығы 2012 жылы Сингапурда «Elite Model Look» ұлттық байқауына қатысудан басталыпты. Қазіргі уақытта ақсайлық жігітті Алматы, Астана, Сингапур, Шанхай, Гонконг, Милан, Лондон қалаларының фотографтары сан қырынан суретке түсіріп үлгерген. Мысалы, ол 2017 жылы көктемде Алматыда Mercedes-Benz сән апталығы аясында белгілі дизайнер Леонид Жеребцовтың коллекциялық көрмесіне, ал жазда Миланда сондай шара барысында «Malibu.1992» бренді киімдерінің көрсетіліміне қатысты. Беріктің қатысуымен Style Story суреттері MMSCENE (Male Model Scene) интернет журналында жарияланды.

Пікір жазу