Гостиницы в Алматы
2018-01-17 17:39:54 129 0

ТУҒАН ЖЕРІНДЕ БІР АПТА ДЕМАЛҒАН ДИМАШ ҚЫТАЙҒА ҚАЙТА ОРАЛДЫ

Әнші Димаш Құдайберген бір апта бойы туған жері Ақтөбе қаласында демалып, Қытайдағы турнесіне қайта жалғастыруға аттанды.

 Ол осы бір апта ішінде туған-туыстарымен, достарымен, ұстаздарымен кездесті.  «Елге аз күнге демалысқа келген Димаш балам уақыт тауып келіп, сәлем беріп кетті. Қуанышымызда шек жоқ. Қарапайымдылығыңнан, адами қасиеттеріңнен, тәрбиелілігіңнен айналдым, сендей баланың. Мақтанамын! Аман бол! Сәттілік қайда да серігің болсын, алтыным менің!» - деді Димаштың ұстазы Марат Әйтімов өз жазбасында.

 «Димаш демалыс алып, үйге келді. Сонымен қатар ол әлі де Ұлттық өнер университетінде білім алады. Биыл төртінші курста. Ол өз оқуын әлемдік турнемен ұштастырып отыр. Тапсырмалар алып, емтиханын тапсырып жүр. Шын мәнінде әлемдік турне Димаш үшін таптырмас шеберлік сабағы, тәжірибе», - деді Димаштың анасы Светлана Айтпаева.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген «BG Talan» қытайлық компаниясымен 1,5 жылға келісімшартқа қол қойды. Екі концерті Қытайдың Джанша және Фуджоу қаласында аншлагпен өткен болатын.

Пікір жазу