Гостиницы в Алматы
2018-01-18 13:45:20 75 0

ӘБУ-ДАБИДЕ ОТАНДАСТАРЫМЫЗ ДЖИУ-ДЖИТСУДЕН 9 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Әбу-Дабиде қаласында өткен джиу-джитсудан «Grand Slam World Tour» халықаралық турнирінде отандастарымыз 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады. Аталған турнирге Қазақстаннан 17 спортшы қатысты. Алтын медалді Айдар Түлейбаев (қоңыр белбеу), Ядгар Қасымов (қоңыр белбеу) және Мигель Мамырбаев (көк белбеу) жеңіп алды. Ал күміс жүлдеге Арлан Шабдарбаев (қызылкүрең белбеу), Ержан Естанов (көк белбеу), Мұхамедияр Құдайқұлов (қызғылт-сары белбеу) жәнеОсманжан Қасымов ие болды. Қола медальға Төлеген Құмаров (қоңыр белбеу) пен Батыр Мұратұлы (ақ белбеу) қол жеткізді.

Айта кетейік, Grand Slam халықаралық турнирінің келесі кезеңі наурыз айының 10-ы мен 11-і күндері Лондонда өтеді.

Пікір жазу