Гостиницы в Алматы
2018-01-17 18:10:21 69 0

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР АЗИЯНЫҢ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Жеңіл атлетикадан Өскеменде өтіп Қазақстан чемпионатында қарағандылық спортшылар Азияның рекордын жаңартты. Бұл жайында жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.Онда: «Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Қарағандының эстафета құрамасы Азияның үздік нәтижесін тіркеді. «Николай Барсановтан тәлім алатын Виталий Земс, Владислав Григорьев, Вячеслав Земс, Давид Ефремов 4х200 метрлік эстафетаға жүгірген болатын. Бұл төрттік аталған қашықтықты 1:26:70 минутта жүгіріп өтті. Сөйтіп, Азияның үздік көрсеткішін орнатты. Бұған дейінгі рекорд Жапония құрамасына тиесілі еді. Олар 1991 жылы 200 метрді 1:27.04 минутта кесіп өткен. Қарағандылық атлеттердің осы нәтижесін ҚР Жеңіл атлетика федерациясы Азия жеңіл қауымдастығына жіберетін болады», - деп жазылған.

Пікір жазу