Гостиницы в Алматы
2018-01-18 13:37:30 147 0

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЕРЛАН БІЛӘЛДІҢ ІСІ СОТҚА ТҮСТІ

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлге қатысты коррупциялық қылмыс бойынша іс сотқа түсті.

«Алматының Алмалы аудандық сотына «Қылмысқа дайындалу және оқталу» және «Пара алу» бабы бойынша айыпталған Ерлан Біләлге қатысты қылмыстық іс түсті», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz хабарлады.

Тергеу дерегінше, Ерлан Біләл «Сезам» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісінен жаңа жылдық театр қойылымдарын бірге өткізу туралы келісімге қол қою үшін пара алды деген күдікке ілінген. Істің мән-жайы анықталғанға дейін Ерлан Біләл театр директоры қызметінен шеттетілді.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алып жатқан жерінде ұсталған еді. Алайда оның әріптестері актердің мұндай қадамға барғанына сенбейді. Бұдан кейін Ерлан Біләл 1 млн 200 мың теңгені кепіл қойып, уақытша босап шыққан болатын.

Пікір жазу