Гостиницы в Алматы
2017-02-10 14:30:30 130 0

Әуезов ауданындағы №2 сот футболдан Ресей чемпионатында "Урал" және "Терек" командалары арасында өткен матчтың есебі алдын-ала келісілген деп шешім шығарды деп хабарлайды Eurosport.ru.

Сот Алматы қаласының тұрғыны Олжас Амантаевқа жеңіп алған ақшасын төлеуден бас тартқан "Олимп" букмекерлік кеңсесінің шешім дұрыс деп тауып, Ресей чемпионатының 12-турында кездескен "Терек" және "Урал" командалары арасындағы матчтың есебі алдын-ала келісілген болуы мүмкін деп шешім шығарды.

Алматы қаласының тұрғыны 8 млн 307 мың теңге көлемінде ақша жеңіп алған еді. Бірақ, соттың шешімімен "Олимп" букмекерлік кеңсесі ол ақшаны төлеу міндетінен құтылды.

Ресей чемпионатының 12 турында "Терек" командасы "Уралды" 4:1 есебімен жеңген. Ресейлік БАҚ арасында бұл ойынның есебі алдын-ала келісілген болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

 

Пікір жазу