Гостиницы в Алматы
2014-11-22 04:25:37 956 0

Мұрат Мұтырғанов қомақты қарызы үшін елден шыға алмайды

Белгілі цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов Алматылық циркке 5 млн 200 мың теңге қарыз. Осыған байланысты цирк жұлдызынының қарызы бар екендігін анықтаған сот орындаушылары елден шығуына қатаң түрде тыйым салған.

"Мұрат Мұтырғанов – жеке фондтың бірінші басшысы болып есептелінеді. Сол себепті қазіргі таңда 5 млн 200 мың теңге қарыз болғандықтан, бірінші басшы ретінде Қазақстан Республикасынан шығуына тыйым саламыз", - деді Алматы қалалық сот актілерін орындау департаментінің бөлім басшысы Айтуар Райымбекова.

Әріптестерінің айтуынша, Мұтырғанов кезінде өзі басқарған Алматы циркінің жанынан қоғамдық қор құрған. Осы ұйым арқылы шетелден түрлі әртістер шақырып, байқаулар қою үшін цирк алаңын жалға алыпты.

Алайда, іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылмағандықтан көрерермен тартылмапты. Салдарынан цирк жұлдызы ұтылып, қызметкерлер жалақысын уақытылы өтей алмаған.

"Мұтырғанов залды жалға алғаны үшін қарыз. Ол өзі басқарған қоғамдық қор мен қалалық цирк арасында келісімшарт болған. Ақшасын төлемеген соң сот ісі болды. Сотта оның қарыз екендігі ", - дейді Алматы циркінің бас инженері Дмитрий Золотухин.

Алайда қазақстандық сайқымазақ бұл сөздерді жоққа шығарып отыр. Ол өзінің цирк алдындағы қарызын мойындар емес.

"Мен ешқайда қарыз емеспін. Бәрі ойдан шығарылған. Алдымен дәлелдесін менің кінәмді. Егер, дәлелдесе ғана төлеймін", - деп мәлімдеді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұтұрғанов.

Цирктың басқа да өнерпаздары танымал сайқымазақтың байқау ұйымдастырамын деп қорын банкрот қылғанын растап отыр. Сондай-ақ, жақында дүркіретіп той жасаған әртістің берешегін неге төлегісі келмейтінін де түсінер емес. Айтуларынша, цирк өнерінде жұмыс жасайтын Мұраттың бір шоуы 1 мың АҚШ долларынан кем емес көрінеді.

Cондай-ақ, әртістің әр түрлі мекеме басшыларына жазған хаттарынан кейін, бұл дау біраз уақытқа тынышталған сияқты. Мұтырғановтың жеке қорының келісімі бойынша Алматылық цирктің атағын шығару үшін бірнеше іс-шара өткізетіндігі хабарланды.

23 қыркүйекте Мұтырғановтан уақытша елден шығуына тыйым салынған қаулының алынғандығы туралы хабар тараған болатын. Бірақ санкция тізімінен бұл бөлім әлі алынған жоқ.

9ba478a04104760f06c85dee4f78eec8

Пікір жазу