Гостиницы в Алматы
2014-11-18 20:37:15 1623 1

Жанар Дұғалова «TURKVISION-2014» байқауын ашады

Қазақстандық әнші Жанар Дұғалова 19-21 қарашада Қазанда өтетін «Turkvision-2014» байқауын ашады.

Бұл туралы белгілі продюссер Динара Адам Instagram-дағы өз парақшасында хабарлады.

«Жанар Дұғалова жартылай финалға жеребеден бір санын суырды. Алғашқы болып сахнаға шығады. Мұнда 25 елден қатысушылар бар. Бірінші шығатынын жақсы ырымға балаймын», - деп жазды Д. Адам.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жанар Дұғалова қазанның аяғында өткен ұлттық байқау финалында жеңіске жеткен. Халықаралық вокал байқауында 16 елден орындаушы бақ сынасуда. «Turkvision» түрік әлеміндегі «Еуровидениенің» баламасы іспеттес. Байқау аудиториясы 300 млн астам адамды құрайды.

«Turkvision» алғашқы байқауы өткен жылы түріктің Ескішаһар қаласында өткен.  Оған 24 ел мен өңірлердің өкілдері қатысқан. Ол жолы Қазақстан атынан шыққан Rin'Go тобы финалда 9-шы орынды иеленген  болатын. Жанар Дұғалова «Астана жұлдызы» ұлттық сыйлығының нұсқасы бойынша 2014 жылғы үздік әнші атанғанын айта кеткен жөн.

Мәлімет ҚазАқпарат сайтынан алынды

Пікірлер

  • Азиза 2014-11-19 22:09:22
    Жанар оте мыкты анши, елимиздин атынан шыгаруга абден лайык анши. Жарайсын биз саган сенемиз.

Пікір жазу