Гостиницы в Алматы
2015-01-05 16:22:32 10327 5

"Kesh You" тобына Мөлдір Әуелбекованың орнына жаңадан келген, ең жас әншісі Жұлдыз Өмірғалидің соңғы жаңалығы белгілі болды. Бұл жөнінде "Kesh You" тобының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Жұлдыз Өмірғали мен Нұрлан Әлімжанның суретіне "Біздің кішкентайымыз жаңа жобаға қатысып жатыр. Әзірге құпия",-деп жазған болатын.Енді құпияларының сыры ашылды. 19 жасар Жұлдыз Өмірғали жаңа бейнебаянға түсті. Жұлдыз Өмірғали әнші, актер Нұрлан Әлімжанның жаңадан шыққан "Өкпеле жаным" атты бейнебаянына түскен. Бейнебаян жарыққа шықты. Тіпті бейнебаянда екеуі ғашықтар рөлін сомдаған.

Айта кету керек, бұл Жұлдыздың түскен екінші бейнеклипі. "Kesh You" тобының "Келші жаныма" атты әніне түсірген бейнебаяны Жұлдыз үшін дебют болған.

19 жастағы өнерпаз Тұрар Рысқұлов атындағы Техникалық университеттің студенті.

Пікірлер

  • Шара
    Нурлан Алимжан кушти , жас кыздарын клипыне тусиреди. Онын алдында Алия Ануарбекти тусирип еди. Баян да билед кандай жулдыздарды тандауды))) Мейрамбек Беспаев -Молдир Ауелбекова . Жанар Дугалова - Тауекел Муслим. МамаМияда Айсауле мен Али Окапов.Енди Жулдыз бен Нурлан Алимжан. Саз алеминде Турсынбекпен косылып жургизди . "Хитовый" Жигиттерди тандайды ! Молодцы! Клип отееее адеми тусирилген, маган унады
  • Shikalek
    Енбектериниз жансын)
  • Altynai
    Т Рыскулов атындағы техникалық университет дегениниз кате болды. Раз уж сайт ашқан екенсиз...жан-жакты, сауат та болу керек гой)))
  • Гүлжанат
    Алтынай, кешіріңіз, бірақ ҚазЭУ енді жаңа экономикалық болып өзгергенін жария еткеен жоқ болатын. Мен де нархоз хақында көп біле бермеймін. Жалпы, сайт ұжымына рахмет. Нұрлан Әлімжан туралы көп біле бермеймін, сайт арқылы жаңа бейнебаянын көріп тамашаладым. Рахмет!!!
  • Алтынай
    Ия.Т.Рыскулов атындагы экономикалык университет деп аталады бурыннан . Ал техникалық болган емес. Енди жана экономикалык болып жатыр. Озим сол университетте окимын.

Пікір жазу