Гостиницы в Алматы
2015-07-06 00:19:36 7744 4

Бүгін Астана қаласында  жылдағы дәстүр бойынша «Мыңжылдықтыр тоғысындағы Астана», «Көшпенділер өркениеті» фестивалі аясында ұйымдастырылған  «Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Айтыс 4-5 шілде аралығында  «Хан-Шатыр»  ойын-сауық орталығының маңындаға этноауыл алаңында өтті.    Сөз сайысында республика бойынша 16 айтыскер бақ сынады.

Атап айтқанда көпшілікке кеңінен танымал Серікзат Дүйсенғазы (Астана), Айбек Қалиев (Арқалық), Бауыржан Халиолла (Орал), Жарқынбек Наушабеков (ОҚО), Ринат Зайытов (Алматы), Иран-Ғайып Күзембаев (Астана), Зура Шәйдімұратқызы (Алматы), Қалижан Білдәшев (Шымкент), Ботагөз Мұхиденқызы (Астана), Ершат Қайболдинмен (Ақтөбе) қатар айтыс сахнасына жаңадан көтеріліп келе жатқан Хазірет Бердіхан (Алматы обл.), Шұғайып Сезімхан (Түркістан), Данияр Алдабергенов (Астана), Саят Әбенов (Қостанай), Дархан Әбдіманат (Тараз), Бек Шмат (Астана) секілді айтыс  жүйріктері өнер көрсетті.

Дүбірлі доданың нәтижесі бойынша бәйгенің бас жүлдесі танымал айтыскер Ринат Зайытовқа бұйырды. Ақынға 1 000 000 тг көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. Ал бірінші орынды астаналық ақын Иранғайып Күзембаев иеленді. Сонымен қатар, екінші орынды шымкенттік  Қалижан Білдашев пен Арқалықтан келген Айбек Қалиев сынды ақындар, үшінші орынды  Серікзат Дүйсенғазы мен  Ершат Қайболдинге өз қанжығаларына байлады.

Барша жүлдегер ақындарды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

 

Пікірлер

  • Жанар
    Жарайсын Ринат!
  • Ерғали
    Айтысынан үзінділер жоқ па? болмаса видеосы дегендей.
  • Руслан
    Ринат Зайытовтың алар асуы әлі алда! Құтты болсын жеңісің, Ринат!
  • Алибек
    Құтты болсын Ринат аға айтыс керемет болды

Пікір жазу